"Астана" Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады

2512

Қазақстан атынан Чемпиондар лигасына қатысатын "Астана" футбол командасы Румыния чемпионын жеңді. 

"Астана" Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады

"Астана" командасы жеребе тарту рәсімінде Румыния елінің чемпионы ЧФР Клуж командасына қарсылас атанған еді. Алғашқы матч "Астана Аренада" өтіп, елордалықтар жеңіске жетті. Ойындағы жалғыз голдың авторы – қорғаушы Евгений Постников. Ол бұрыштамадан көтерілген допқа бірінші болып жетті. Қарбаласқан сәтті ұрымтал пайдаланған қазақстандық ойыншылар келесі аптада өтетін жауапты ойын алдында басымдылық алып отыр. 

Дегенмен, қонақтардың да қарымы біршама екенін байқадық. Әсіресе шабуыл шебіндегі легионерлері өте жақсы деңгейде өнер көрсетті. Дан Петреску шәкірттері бірінші таймда гол соғатын тамаша мүмкіндіктерін жіберіп алды. Енді келесі ойын, 16-шілде күні Румыния жерінде өтеді. 

"Астана" — "ЧФР Клуж" 1:0. 

Гол авторы: Е. Постников, 68 мин.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу