Бүгін елордалық "Астана" Премьер-лиганың 9-турында Қарағандылық "Шахтермен" тең түсті. Матч Сегізбаев атындағы стадионда өтіп, 1-1 есебімен аяқталды. Алғашқы голды тек екінші таймда көрдік. 63-минутта "Астана" шабуылшысы Пьерос Сотириу есеп ашты. 71-минутта Айдос Тәттібаев таразы басын теңестірді.
Екі ұпайдан айырылған "Астана" 15 ұпаймен екінші орында тұр. Ал Қарағандылық ұжым 12 ұпаймен жетінші орынға тұрақтады. Ал "Астанадан" 6 ұпай алда келе жатқан "Қайрат" турнирлік кестеде көш бастап тұр.
Сонымен қатар бүгін шымкенттік "Ордабасы" Премьер-лиганың 9-турында Қызылордалық "Қайсармен" тең түсті. Кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.
"Ордабасы" шабуылшысы Жоао Пауло 24-минутта командасын алға шығарды. Екінші тайм бастала салысымен "Қайсар" есепті теңестірді. Гол авторы - Режиналдо. Бұл ойыннан кейін Шымкенттік ұжым 14 ұпаймен үшінші орынға көтерілді. "Қайсарда" да 14 ұпай бар. Бірақ команда доп айырмашылығы бойынша төртінші орында тұр.
Ермұхамед Мәулен