"Астана" допинг дауына іліккен шабандозбен қош айтысты

1030

Гранд-турларда елордалық велокоманда намысын қорғап жүрген шабандоздың басы дауға қалды.

"Астана" допинг дауына іліккен шабандозбен қош айтысты

Astana Qazaqstan Team команданың көшбасшысы шабандозы колумбиялық Мигель Анхель Лопеспен қош айтысты. Басты себеп оның атышулы допинг дауына қатысты болуы.

"Astana Qazaqstan Team командасының Мигель Анхель Лопес пен доктор Маркос Майнар арасындағы ықтимал байланысқа қатысты алынған жаңа деректерге байланысты команда шабандозбен шартты дереу бұзуға мәжбүр. Команда мен шабандоздың заңды құқықтарын қорғау мақсатында команда бұл мәселе бойынша бұдан былай ешқандай түсініктеме бермейді", - делінген команданың ресми сайтында.

Бұған жауап ретінде колумбиялық велошабандоз өз командасын сотқа беремін деп қорқытты.

"Лопес өзінің велоспорт кәсіпқойы ретінде аты мен абыройына нұқсан келтіретін барлық айыптауларды жоққа шығарады. Оның ешқашан допинг сынамасының оң нәтиже бермегенін және оны ешқашан ешбір орган тергемегенін атап өтті. Мигель Анхель Лопес өзін тиісті сот органдарында қорғайтынын мәлімдеді. Өйткені ол орын алған оқиғаның дәлелді себептерсіз келісім-шарттың заңсыз бұзылуы деп санайды", - деп хабарлады Мигель Анхель Лопестің адвокаттары.

Естеріңізге сала кетейік, шілде айында жарысқа бара жатқан Лопесті Мадрид әуежайында Азаматтық гвардияның сот полициясы қызметінің штаб-пәтері, Орталық операциялық департаменттің (UCO) агенттері ұстаған болатын. Қалай болғанда да ол допинг ісінде пайда болды. Мұнда басты тұлға испаниялық дәрігер-физиолог Маркос Майнар. Операцияның кодтық атауы Ilex. Одан кейін колумбиялық шабандоздың Испанияда қолдануға рұқсат етілмеген дәрі-дәрмектерді тарату ісі бойынша куәгер ретінде шақырылғаны хабарланды.

Лопес кейін жарыстарға қатысуын одан әрі жалғастырды. Түрлі жарыстар мен жеке кезеңдердің жеңімпазы атанды. 2018 жылы Астана сапында ол "Джиро д'Италия" және "Испания Вуэльтасы" гранд-турларында үшінші орын иеленді. Ал Майнардың кәсіби мансабы әртүрлі спорт түрлеріндегі допингпен байланысты болды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу