Астана экономикалық форумына ХВҚ басшысы Кристин Лагард келеді

Бауыржан Мұқан Бауыржан Мұқан
3565

Ұлттық банк басшылығы Вашингтонға барды.

Астана экономикалық форумына ХВҚ басшысы Кристин Лагард келеді

2019 жылғы 12-13 сәуірде Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев бастаған Қазақстан Ұлттық банкінің делегациясы Халықаралық валюта қорының және Дүниежүзілік банк тобының Басқарушылар кеңесінің көктемгі кездесулеріне қатысу үшін Вашингтон қаласына сапармен барды, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

"Ұлттық Банк таяу және алыс шет елдердің орталық банктері қызметінің негізгі мәселелері бойынша пікір алмасу, халықаралық қаржы институттарымен тығыз байланыс орнату және ынтымақтастықты дамыту мақсатында жыл сайынғы негізде көктемгі кездесулерге қатысты. Сапар шеңберінде Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың ХВҚ Басқарушы директоры Кристин Лагард ханыммен, ХВҚ Басқарушы директорының орынбасары Тао Чжан мырзамен және Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаменті басшылығымен кездесулері өтті", деп жазады Ұлттық банктің ресми сайты.

Ұлттық банктің мәліметінше, басқарушы директормен кездесу барысында тараптар ынтымақтастық мәселелерін талқылап, әлемдегі ағымдағы қаржы-экономикалық жағдай туралы пікір алмасты. Сондай-ақ Астана Экономикалық форумы шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылғы 16 мамырда өтетін ХВҚ басшысының алдағы сапарын және Кавказ және Орталық Азия елдері қаржы министрлері мен орталық банктері басшыларының дөңгелек үстелін өткізуді талқылады.

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Қазақстан Республикасының ХВҚ-мен жемісті ынтымақтастығын атап өтті және Қор басшылығына көрсетіліп жатқан техникалық көмегі және кеңестері үшін алғыс білдірді.

Сонымен қатар Ұлттық банктің делегациясы ХВҚ Халықаралық валюта және қаржы комитетінің жалпы отырысына, Кавказ және Орталық Азия елдері қаржы министрлері мен орталық банктері басшыларының дәстүрлі кездесуіне, сондай-ақ ХВҚ Швейцария Кіші тобының отырысына қатысты.

"Бұдан басқа, ХВҚ алаңында екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың ЕҚДБ президенті Сэр Сума Чакрабартимен, БАӘ Орталық банкінің төрағасы Мубарак Аль Мансуримен, Швейцария Орталық банкінің төрағасы Томас Йорданмен, Грузия Ұлттық банкінің төрағасы Коба Гвенетадземен, Армения Республикасы Орталық банкінің төрағасы Артур Джавадянмен, Goldman Sachs Group президенті Джон Уолдронмен, Балама инвестициялар стандарттары бойынша кеңестің аға кеңесшісі Сэр Эндрю Ларджбен екіжақты кездесуі өтті", деп жазылған ресми хабарламада.

Бауыржан Мұқан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу