"Астана" Эрнандо Бооркеспен келісімшарт уақытын ұзартты

2253

"Астана" командасы колумбиялық велошабандоз Эрнандо Бооркеспен 2020 жылғы маусымға арналған жаңа келісімшартқа қол қойғаны жайлы хабарлайды.

"Астана" Эрнандо Бооркеспен келісімшарт уақытын ұзартты

- Ең әуелі осындай мүмкіндік сыйлап отырған командаға алғысымды білдіремін. Биылғы маусымда орын алған оқиғалар мен денсаулығыма қатысыты мәселелерден соң қиынға соққан кезеңнен кейін мұның мен үшін маңызы зор. "Астана" командасы маған ұнайды. Өзімді отбасымдағыдай сезінемін. Жаңа маусымда алдыма жаңа мақсаттар қойып, толықтай дайынмын. Команданың көмегімен және отбасымның қолдауының арқасында мен 2020 жылғы маусымда "Астананы" барынша жақсы қырынан танытуға тырысамын, - деді Эрнандо Бооркес.

Эрнандо Бооркес (27 жаста) жыл басында (Колумбия турының 5-кезеңінде) және маусымның екінші жартысында (Фурми Гран-Приі) жарыс барысында құлап, маусымды өте қиын өткізді. Екі рет құлағаннан кейін шабандоз ауыр жарақат ала қоймағанымен, бірінші құлағанда арқасын жарақаттаса, екінші рет Бооркес бетін қатты жарақаттап алды.

Жолы болмағанына қарамастан Эрнандо Бооркес командалық шабандоз және көшбасшылардың көмекшісі ретінде өзін жақсы жағынан танытып үлгерді. Сонымен, ол "Колумбия турында" жеңіске жеткен Мигель Анхель Лопеске көмек көрсетті. Сонымен қатар "Критериум дю Дофине" веложарысында Якоб Фульсанг жетістікке жеткенде оның жанынан табылды.

- Өкінішке қарай,  биыл Эрнандоның жолы болмады. Ол жыл басында сәтсіз құлап, арқасын жарақаттап алып, екі жарым ай жарыстарға қатыса алмады. Ал маусым соңында тағы да құлап, жылды осылайша аяқтауға тура келді. Дегенмен, ол "Колумбия турында" Мигель Анхель Лопеске көмек көрсетіп, жігерлілік танытып, бізді таңдандырды. Сонымен қатар ол "Критериум дю Дофине" велододасында Якоб Фульсангқа, ал "Германия турында" Алексей Луценкоға көмек көрсетіп,ауқымды жұмыс атқарды. Сондықтан біз Эрнандоның физикалық және рухани тұрғыдан қайта қалпына келетініне сенімдіміз. Және алдағы маусымда оған тағы бір мүмкіндік бергіміз келеді. Ол бізді таңқалдырады деп ойлаймын, - деді "Астананың" бас менеджері Александр Винокуров.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу