banner

Астана есесін қайтарды

2431

Сонымен, футболдан 2016 жылғы Қазақстан Кубогының жеңімпазы анықталды, ол – Астана футбол клубы.

Астана есесін қайтарды

Осы Кубок сарапқа салынатын күні әсем қаламыз Алматының Орталық стадионындағы қарлы боранда футбол көреміз деп ешкім ойламаған болар. Өйткені, қаншама жанкүйерлер алдын-ала билет сатып алып қойған болатын. Егер осындай суық кезде ойынның қарлы боранда болатынын алдын ала білгенде, мүмкін билет алмай-ақ үйде, рахаттанып көріп жатар едім деп ойлаған шығар кейбір жанкүйерлер.

Астана, алматылық Қайраттан есесін қайтарды, неге? Өйткені, Астана осы Қазақстан чемпионатында Қайратқа екі рет ұтылған болатын. Бірінші ойында Астана-Арена стадионында Қайрат Астананы 4-1 есебімен ұтты. Екіншісінде Қайрат Астананы 2-0 есебімен жеңді. Ал осы ойында букмекерлар Қазақстан кубогының жеңімпазы алматылық Қайратқа болжам берген. Осы кубок алматылық Қайратқа ауадай қажет болған, себебі Қазақстан чемпионатында Астана жеңімпаз атанды.

Сонымен 2-ші тайм басталғанда 48-ші минутта Неманья Максимович Жуниор Кабанангаға әдемі пас шығарып беріп, Кабананга қақпаға тура соққысымен гол кіргізіп есеп ашты. Осы гол алматылықтардың намысына тиіп алға ұмтылуға жетеледі, тек қана шабуылдап емес, тәртіп бұзуға дейін барды.

Ойынның аяқталуына 30 минут қалған кезде ойыншылар шаршап қалды. Алмасып шыққан Джордже Деспотович қақпашымен бірге-бір шығып, гол соғатын тамаша мүмкіндікті жіберіп алды. Ойын ақырындап аяқталуына жақындап қалды. Қайрат қанша соққы жасаса да доп қақпаға кірмей қойды, немесе сәттілік жетпей жатты.

Осылайша, Бауыржан Ісләмхан бастаған қайраттықтарға уақыт онсыз да жетпей жатқанда, астаналықтар уақыт созуларын қоймай, біресе құлап, біресе допты айдалаға теуіп жіберіп қайраттықтардың жындарына әбден тиді.

Ақыры астаналық клуб дегеніне жетті. Қайратқа гол соғуға еш мүмкіндік бермеді. Сөйтіп биылғы маусым Қайрат үшін сәтсіз аяқталды, чемпионатты да жеңе алмады кубоктан да құр қалды. Дегенмен чемпионаттағы 2-ші орын да жаман көрсеткіш емес, өйткені Европа Лигасына жолдама алды. Ал Астана болса, осы жеңіспен Алтын дубль жасады (Қазақстан Чемпионаты мен Қазақстан кубогы). Ал, жалпы Астана командасы осымен 3-ші рет ел Кубогын жеңіп алып отыр.

"Қайрат" — "Астана" 0:1 (0:0)

Гол: Кабананга 47 (0:1)

Ескертулер: Ісләмхан 51, Маркович 90+3 — Логвиненко 51

"Кайрат" сапында алаңға шыққандар: Покатилов, Қуат, Арсо, Маркович, Сүйімбаев, Бақаев, Тимощук, Аршавин, Ісләмхан, Исаэль, Гоу

"Астана" сапында алаңға шыққандар: Мокин, Аничич, Каньяс, Твумаси (Деспотович 64), Максимович, Кабананга (Малый 87), Шитов, Бейсебеков, Шомко, Мужиков (Нөсербаев 82), Логвиненко

Бас төреші: Руслан Дұзмәмбетов (Өскемен)

19 қараша. Алматы. ОРТАЛЫҚ стадион

Осылайша Қазақстан премьер-лигасының футбол маусымы да мәресіне жетті. Тағы да Астана чемпион.

Келесі жылы қатарға қызылорданың Қайсары қосылады.

Ал биылғы маусымдағы ең көп гол соққан ойыншыларға келетін болсақ Қайрат шабуылшысы Жерар Гоу ешкімді қуып жеткізбеді. 22 гол соққан және бәрін ойын кезінде кіргізген екен, екінші орындағы ертістік Роман Мұртазаев одан 4 голға аз соққан, оның өзінде 3-еуін пенальтиден кіргізген. қайраттық Бауыржан Ісләмхан алтауын пенальтиден, 17-сін ойыннан соғып, 3-ші орынға жайғасты:

орын ойыншы                    команда               голдар           пенальти

  1     Жерар Гоу                     Қайрат                 22                  0

  2     Роман Мұртазаев          Ертіс                   18                   3

  3     Бауыржан Исламхан     Қайрат                 17                   6

  4     Малик Мане                  Тараз                   13                  1

  5     Душан Савич                 Жетысу/Тобыл     12                  1

  6    Азат Нұрғалиев              Ордабасы/Астана 12                  4     

  7    Сергей Хижниченко        Тобыл                   10                  0

  8    Александр Гейнрих        Ордабасы             10                  6

  9    Серж Бандо Нганбе        Оқжетпес               9                  0

 10    Джордже Деспотович     Астана                   8                  0

Жанат Қалықов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу