"Астана" еурокубок маусымынан қанша табыс түсірді?

2615

Елордалық "Астана" Еурокубокте ойнағаны үшін қомақты қаржы алады.

"Астана" еурокубок маусымынан қанша табыс түсірді?

Қазақстан чемпионы жарысты Чемпиондар лигасынан бастады. Алдымен Румыния елінің чемпионы ЧФР командасымен кездесіп, жарыстан шығып қалды. Сосын, Андорра елінің "Санта-Колома", Мальта елінің "Валетта" командаларымен ойнады. Сосын Еуропа лигасының плэй-офф кезеңінде Беларусь елінің чемпионы БАТЭ командасымен кездесіп, алғашқы ойында 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Алғашқы жарыс кезеңі үшін "Астана" 280 мың еуро сыйақы алды.  Ал одан кейінгі Еуропа лигасының екі кезеңін өткені үшін 540 мың еуро көлемінде табыс түсірді. Егер қазақстандық команда жарысты осы кезеңде аяқтаса бюджетіне 300 еуро мың түседі, ал жеңіске жетіп, топтық кезеңге шықса онда 2,92 млн еуро көлемінде қомақты қаржы алады. Демек, тура қазіргі жағдайға сәйкес елордалық команданың тапқан табысы 1,380 мың еуроны құрап тұр.

"Астана" енді 29-тамыз күні Борисов қаласында жауапты ойын өткізеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу