"Астана" Еуропа лигасындағы жорығын аяқтады

1652

Еурокубокта бір ғана командамыз қалды. Әзірге...

"Астана" Еуропа лигасындағы жорығын аяқтады

Елордалық "Астана" Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде Черногориялық "Будучность" командасынан жеңіліп қалды. Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 0:1 есебімен аяқталды. Ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды 25-минутта "Будучность" клубының ойыншысы Терзич соқты.

Өз алаңында жеңіліс тапқан "Астана" турнирді осы жерден аяқтайды. Ал "Будучность" келесі кезеңде Босниялық "Сараевомен" ойнайды.

Сонымен қатар бүгін Еуропа лигасының іріктеу кезеңі аясында тағы бір кездесу өтті. Қызылордалық "Қайсар" Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде Кипрлік АПОЭЛ-ден ұтылып қалды. Кездесу Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтіп, 1:4 есебімен аяқталды.

Матчтағы алғашқы әрі жылдам голды "Қайсар" соқты. АПОЭЛ қақпашысы Асхат Тағыбергеннің соққысын дұрыс ұстай алмады. Ал оның қателігін Элгуджа Лобжанидзе пайдаланып кетті. Кипрлік клуб көп ұзамай есепті теңестірді. 14-минутта айып алаңында жалғыз қалып қойған Де Винсенти гол соқты. Ал Тухами 26-минутта қонақтарды алға шығарды. Екінші тайм бастала салысымен Атзили өз командасының үшінші голын соғып, матч нүктесін қоюға тырысты. Бірақ бұл соңғы гол болмай шықты. 93-минутта Де Винсенти дубль авторы атанды

Жеңіліс тапқан "Қайсар" жарыс жолынан шығып қалды. Ал АПОЭЛ 3-кезеңде "Олимпия" / "Зрински" жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу