"Астана" FIFA бағдарламасына қатысады

1733

ФИФА 2020 жылы академиялар мен федерациялардың жас футболшыларын дамытуға арналған жас таланттарды дамыту жобасын іске қосты.

"Астана" FIFA бағдарламасына қатысады

Бұл жоба ұйымдастырушылардың жоспары бойынша бір жыл ішінде 120 елді, соның ішінде Қазақстанды да қамтуы тиіс. Осы бағдарламаны іске асыру үшін "Double pass" компаниясы тартылды. Бұл компания ақпаратты жинау және талдау бойынша қызмет жасайды.

Біздің еліміз аталмыш жобада Қазақстанның академиялары мен футбол орталықтары таныстырылады, бірақ орталықтардың қызметіне терең талдау "Астана" ФО-да жүргізіледі. Бұл елорда футбол орталығының табыстылығы мен мәртебесін тағы да бір дәлелдейді.

Құжаттарды, жаттықтырушылар мен тәрбиеленушілер туралы ақпаратты тапсырудың бірінші кезеңінен өткен елорда футбол орталығы екінші қадамға бағыт алды. Ол жерде жобаның негізгі қатысушыларының онлайн сауалнамасы жүргізіледі.

Жобаның кураторларының бірі Сартхак Дубеймен (Үндістан) болған диалогқа футбол орталығының жетекшісі Арсен Іңкарбеков, ФО менеджері Игорь Павлюк, сондай-ақ жаттықтырушы Руслан Адамов қатысты. "Double pass" бағдарламасына жаттықтырушылар штабымен сұхбат, инфрақұрылыммен танысу, сондай-ақ жаттығу сабақтарын талдау кіреді. Содан кейін ФИФА-ның жас таланттарын дамыту саласындағы жетекші мамандардың ұсыныстары бар есеп дайындалады.

Естеріңізге сала кетейік, футбол орталығы 2012 жылы "Астана" футбол клубы жанынан құрылған болатын. Қазіргі таңда орталықта 9-18 жас аралығындағы 350-ден астам жасөспірімдер мен қыздар тегін жаттығады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу