"Астана" Глеб Сырицаны қатарға қосты

1001

Елордалық команда сапында тәжірибеден өту барысында шабандоз өзін тамаша қырынан танытты. Ол Әлемдік тур аясында өзі қатысқан бес жарыста да жүлдегер атанды.

"Астана" Глеб Сырицаны қатарға қосты Фото: astanaproteam.kz

22 жастағы Глеб Сырица қазақстандық Astana Qazaqstan Team командасымен алғашқы кәсіби келісімшартына қол қойды. Ол келесі екі маусымда (2023 және 2024) елордалық команда намысын қорғайды.

"Биыл мен Astana Qazaqstan Team командасында тәжірибеден өту арқылы өзімді кәсіби деңгейде сынап көруге ерекше мүмкіндік алдым. Командамен бірге әр жарыста бар күшімді салуға тырыстым және қазір алғашқы кәсіби келісімшартқа қол қойғаныма өте қуаныштымын. Дүниежүзілік турда дебют жасау, әсіресе "Астана" сияқты атақты команданың құрамында болу мен үшін керемет мүмкіндік және сол мүмкіндікті пайдалану үшін бәрін жасауға дайынмын. Команда басшылығына сенім білдірнеі үшін алғыс айтамын. Алда жұмыс та, жаттығу да, тәжірибе жинақтайтын жарыс та көп. Бірақ мен әлемдегі ең мықты шабандоздармен бәсекеге түсу үшін кез келген қиындыққа дайынмын", - деді Глеб Сирица.

Глеб Сырица тәжірибеден өте жоғары деңгейде өтті және небәрі бес жарыста Astana Qazaqstan Team командасымен бірге жас шабандоз бір жеңіске (Лангкави турының бірінші кезеңінде) жетіп, және төрт жүлдеге (Норвегияның арктикалық жарысы, Словакия туры және Лангкави туры кезеңдері) ие болды.

"Мен Глебке тәжірибеден өтуші ретінде мүмкіндік бергенімізге қуаныштымын. Ол мұны толық пайдаланды. Бірнеше жарыста жеңіске жетіп, төрт мәрте жеңіс тұғырынаа көтерілу – бұл айтарлықтай жақсы нәтиже. Глеб Сырица тағылымдамадан өту кезіндегі нәтижелерімен және көзқарасымен бізді таң қалдырды. Сондықтан мен оның келесі маусымда "Астана" сапына негізгі шабандоз ретінде қосылғанына қуаныштымын", - деді Astana Qazaqstan Team бас менеджері Александр Винокуров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу