27 жастағы шабандоз қазақстандық командамен 2024 және 2025 жылдарға арналған жаңа келісімге қол қойды.
"Астанаға келіп, бірден тамаша отбасылық атмосфераға тап болдым. Өз орнымды таптым. Мен бұл командада өзімді жақсы сезінемін. Astana Qazaqstan Team маған Дүниежүзілік турға, "Джиро д'Италия" және "Тур де Франс" сияқты әлемдегі ең маңызды жарыстарға қатысуға мүмкіндік берді. Спортшы, шабандоз ретінде айтарлықтай жетілдім және қазір болашаққа тек оптимизммен қараймын. Алдыма биік мақсаттар қоямын. Биыл менің бір арманым орындалды – Италия чемпионатында жеңіске жеттім. Бұл жеңістің мен үшін маңызы зор. Жаңа үлкен мақсаттарға жету үшін командамен бірге аянбай еңбек етуге дайынмын. Мен бәрі де мүмкін екенін білемін", - деді Симон Веласко.
Симоне Веласко 2022 жылы Astana Qazaqstan Team командасына ауысты. Сол маусымда ол "Тиррено Адриатикода" үшінші, "Каталония Вуэльтасында" төртінші, бір күндік "Коппа Сабатини" жарысында 7-ші, "Тур де Франстағы" дебютінде 30-шы нәтиже көрсетті.
Биылғы маусымда Веласко Италия чемпионатының топтық жарысында жеңіске қол жеткізді. Сонымен қатар, шабандоз "Валенсия Вуэльтасының" кезеңінде, бір күндік "Гетсода Турында" үшінші орын иеленді. "Кастилия мен Леон Вуэльтасының" жалпы есебінде мәреге бесінші және "Джиро д'Италиядағы" дебютінде 26-шы болып келді.
"Симоне осы екі маусымда біздің командада керемет жетістіктерге жетті. Ол мықты, ынтасы зор және өте өршіл шабандоз. Бір күндік немесе қысқа көпкүндік жарыстарда көшбасшы ретінде жауапкершілікті өз мойнына ала алады. Сонымен бірге әріптестеріне мықты көмекші. Келесі екі жылға алдымызға жаңа мақсаттар қоямыз және сол мақсаттарға бірге қол жеткізе аламыз деп ойлаймын", - деді Astana Qazaqstan Team бас менеджері Александр Винокуров.