Астана қаласының атауы "Нұрсұлтан" деп өзгеруі мүмкін

4788

Қасым-Жомарт Тоқаев осындай ұсыныс тастады.

Астана қаласының атауы "Нұрсұлтан" деп өзгеруі мүмкін

Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз алған Қазақстанның жаңа президенті Астана қаласының атауы "Нұрсұлтан" деп аталуы керек екенін жеткізді. Сонымен қатар, Тұңғыш Президенттің құрметіне Астана қаласында монумент орнатуды ұсынды.

"Облыс орталықтарындағы басты көшелері Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталуға тиіс", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, ол Нұрсұлтан Назарбаев "Халық Қаһарманы", "Еңбек Ері" атақтарына лайық екенін жеткізді.

Бұдан бөлек, Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген портреттер мен суреттер оқу орындарынан, мемлекеттік қызметшілердің кабинетінен алынбайды. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу