"Астана" капитаны үздік ондықта

2688

Италияда 100-мәрте ұйымдастырылған классикалық "Милан-Турин" (179 шақырым) веложарысы өтті. 

"Астана" капитаны үздік ондықта

"Астана" командасы соңғы Базилика Суперга асуына жақындағанда белсенді өнер көрсете бастады.

Дарио Катальдо мен Уго Уль тау етегіне жеткенде Якоб Фульсанг, Йон Исагирре және Горке Исагиррелерге алдыңғы қатарға шығуға көмектесті. Асудың алғашқы шақырымында Фульсанг бірінші болып шабуылға шықты. Кейіннен Горка Исагирре Майкл Вудстың шабуылына жауап қатып, шағын көшбасшы топқа қосылды.

Дегенмен сәл кейінірек Вудс тағы да жылдамдығын ұлғайтқандықтан, Горка Исагирре одан қалып қойды. Нәтижесінде Вудс "Милан-Турин" классикасының жеңімпазы атанды. Ал Алехандро Вальверде мен Адам Йейтс жеңіс тұғырын толықтырды.

Якоб Фульсанг көшбасшыларды қуып жетуге тырысты. Бірақ, соңында мәреге 8-болып келді. Ол 2018 жылғы нәтижесін қайта қайталады. Йон Исагирре 11-орынға, ал Горка Исагирре 15-орынға ие болды.

"Бүгін өзімді нашар сезіндім. Барлығы жаман бола қойған жоқ. Алайда финалдық асуда шабуылдардың соңынан ілесіп отыру үшін қарқыным жетпеді. Қолымыздан келгеннің барлығын жасадық. Бірақ нәтижесінде біз тек 8-орынға ие болдық. Дегенмен маусымдағы ең басты мақсаттарымыздың бірі "Ломбардия турына" дейін қайта қалыпқа келу үшін екі күн бар", – деді Якоб Фульсанг.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу