"Астана" капитаны "Вуэльтада" бесінші

1973

Мадридтің орталығында аяқталған "Испания Вуэльтасының" қорытынды классификациясы бойынша "Астана" командасының капитаны Мигель Анхель Лопес 5-орынға ие болды.

"Астана" капитаны "Вуэльтада" бесінші

"Мен осы "Испания Вуэльтасын" қалай өткізгеніме ризамын. Бұл жарысқа жақсы баппен келдім және үш апта бойы шабуылдауды тоқтатқан жоқпын. Таулы кезеңдер мен жекелей жарыстарда да қолымнан келгеннің барлығын жасадым. Сондықтан еш өкінбеймін. Иә, кейбір кезеңдерде, мысалы Андоррадағы немесе алдыңғы күні Толедода өткен жарыстарда жолым болмады. Бірақ мен бұлардың бәрін артқа тастап, осы жарыстың жақсы сәттері жайлы ғана ойлаймын. Командамыз тамаша болды. Жарыс бойы маған қолдау көрсеткен "Астанаға" алғысымды білдіремін. Команда ретінде "Вуэльтада" нағыз велосипед шоуын жасадық деп ойлаймын. Біз мұны мақтан тұтамыз. Әрине, егер жеңіс тұғырынан көрінсем, бұдан да бақытты болар едім. Себебі мен соған дайындалған болатынмын. Бас классификация бойынша 5-нәтиже көрсеттім. Бұл көрсеткіш осында, "Вуэльтаға" бұдан да жақсы нәтиже көрсету үшін  қайта оралуыма себеп болады", - деді "Вуэльта - 2019" веложарысының ең белсенді шабандозы болып танылған Мигель Анхель Лопес.

"Біз мұнда, "Испания Вуэльтасында" қиын әрі қызықты үш жарыс аптасын өткіздік. Жарыс басталғанда командалық сайыста жеңіске жеттік. Сол кезеңді тамаша өткізген жігіттерді мақтан тұтамын. Луиса Леона Санчестің қолдауымен ең қиын таулы кезеңдердің бірінде Якоб Фульсанг жеңіске қол жеткізді. Бұл бізге өте керемет әсер сыйлады. Үш күн бойы қызыл жейде бізде болды. Велододаның соңына дейін Мигель Анхель Лопес қорытынды жеңіс үшін күресті. Егер сәтсіздікке ұшырамағанда ол жеңіс тұғырынан көрінуші еді. Нәтижесінде 5-орынға ие болды. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Алайда, ол да, команда да бұдан да жақсы нәтиже көрсетуге дайын болатын. Дегенмен командаға көңілім толады. Олар ең мықтылардың бірі, тіпті осы "Вуэльтада" мықты екендерін дәлелдеді. Бұл велоспорт. Кейде жеңесің, кейде жеңілесің. Биылғы маусымда өте жақсы жетістктерге қол жеткіздік. Біз 12 көпкүндікті жеңіп алдық. Қол жеткізген көрсеткішіміз велоспорттаға өте керемет көрсеткіш. Сондықтан биылғы жылдың финалына және келесі маусымның басын тек жақсы ойлармен бастаймыз. Бас демеушіміз "Самұрық –Қазынаның" қолдауымен 2020 жылы бұдан да жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдімін", - деді "Астананың" бас менеджері  Александр Винокуров. 

Словениялық велошабандоз Примож Роглич "Испания Вуэльтасының" қорытынды жеңімпазы атанды. Жеңіс тұғырын тағы екі шабандоз - Алехандро Вальверде мен Тадей Погачар толықтырды.

Финиште Сэм Беннет пен Жимон Сайнокты басып озған голландиялық велошабандоз Фабио Якобсен суперкөпкүндіктің соңғы 21-кезеңінің (106.6 шақырым, Фуэнлабрад - Мадрид) жеңімпазы атанды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу