"Астана" қатарынан екінші рет жеңіліс тапты

1567

"Астана" футболдан Қазақстан чемпионатының 18-туры аясында өткен матчта "Қызыл-Жардан" ұтылып, ҚПЛ-да қатарынан екінші мәрте жеңіліске ұшырады.

"Астана" қатарынан екінші рет жеңіліс тапты

Кездесу Петропавлда өтіп, алаң иелерінің пайдасына 3: 2 есебімен аяқталды. Үшінші минутта украиналық жартылай қорғаушы Максим Драченко есеп ашса, тоғызыншы минутта тағы бір украиналық ойыншы Юрий Бушман гол соғып, "Қызыл-Жардың" басымдығын 2: 0-ге жеткізді. 51-минутта Исламбек Қуат бір гол соқты. Бірақ 68-ші минутта черногориялық Дарко Зорич тағы екі гол айырмашылығын қалпына келтірді. 86-минутта Абат Айымбетовтың соққан голы матчқа нүкте қойды. Есеп айырмасы қысқарғанымен, елордалықтар қарсыластарына жеңіліп қалды.

Алдыңғы матчта "Астана" "Ордабасыдан" 0: 2 есебімен жеңіліп, ҚПЛ-да көшбасшылықтан айырылды. "Астананың" 38 ұпайы бар. Бірақ ертең "Тобыл" үш ұпаймен алға шығуы мүмкін немесе "Қайрат" айырмашылықты екі ұпайға азайта алады. Ал "Қызыл-Жар" осы жеңісінің арқасында 25 ұпай жинап, турнирлік кестеде төртінші орынға көтерілді.

Сонымен қатар қарағандылық "Шахтер" 18-турда "Ақтөбені" ұтып, футболдан Қазақстан чемпионатындағы бесінші жеңісіне қол жеткізді. Қарағандыдағы кездесу 1: 0 есебімен аяқталды. 67-минуттағы жалғыз голды Жан-Али Пируз соқты. "Шахтер" 19 ұпай жинап, турнирлік кестеде 11-орынға көтерілді. Ал "Ақтөбе" 20 ұпаймен оныншы орында қалды.

Шымкенттің "Ордабасы" футболдан Олимпбет-Қазақстан чемпионатының 18-туры матчында Талдықорғанның "Жетісуын" жеңді. Шымкенттегі кездесу 3: 0 есебімен аяқталды. Жеңімпаздардан Мирзад Механович дубль жасады (44-ші және 67-ші минуттар), тағы бір голды матчта есеп ашқан Сергей Хижниченко (13-ші) соқты. "Ордабасы" үшін бұл ҚПЛ-дағы қатарынан екінші жеңіс.

Осы жеңістің арқасында шымкенттіктер турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді. Он ұпаймен ҚПЛ-да соңғы орында тұрған "Жетісу" қатарынан төртінші матчта жеңіліп қалды. Жалпы, талдықорғандықтар үшін бұл чемпионаттағы 13-ші жеңіліс.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу