"Астана" Қазақстан чемпионы атануға жақын

1112

Елордалық команда бүгін сырт алаңда "Қызылжардан" басым түсті. Енді соңғы турда не болуы мүмкін?

"Астана" Қазақстан чемпионы атануға жақын

Бүгін 25-тур ойындары аяқталды. Жарыстың екінші күні "Қызылжар" мен "Астана" арасындағы ойынмен басталды. Қонақ команда бірден басымдылық көрсетіп, шабуылға шықты. Сондай шабуылдардың бірінде Абат Айымбетов есеп ашты. Одан кейін екінші таймда Педро Эуженио есепті еселеді. Португал футболшысы ішкі біріншіліктегі 17 голын салып, үздік сұрмергендер тізімінде көш бастады. Осы жеңістің арқасында "Астана" командасы турнирлік кестенің бірінші орнына көтерілді. Бұл команда енді негізгі бәсекелес "Ақтөбеден" 1 ұпайға озып тұр.

Екінші ойын Алматыда ойналды. "Қайрат" футбол командасы Павлодар облысының намысын қорғайтын "Ақсуды" қабылдады. Алаң иелері өздерін өте сенімді сезінді. Соңғы кездері голдарды қарша боратып жүрген Артур Шушеначев осы кездесуде тек пайдалы әрекеттермен ғана шектелді. Өзі гол салмаса да әріптестеріне ыңғайлы жағдайлар жасады. Соның арқасында бразилиялық шабуылшы Жоао Паулу гол салды. Ол 11 метрлікті керемет орындады. Ойын аяқталуға санаулы минуттар қалғанда Гүлжігіт Алықұлов тағы бір гол салып, нәтижені 2:0 етті. "Қайрат" үшінші орын үшін таласатын тамаша мүмкіндікке ие.

"Атырау" - "Шахтер" арасындағы ойын қиян-кескі тартысқа толы өтті. Қарағандылық команда шапшаң қимылдап, жарты сағаттың ішінде 2 гол салып тастады.

Фархад Мұсабеков пен Тимур Чогадзенің салған голдары "кеншілерді" жеңіске жетелейді деп ойладық. Себебі "Атырау" футболшысы Александр Соколенко алаңнан қуылып кетті. Алайда, кездесудің бірінші таймы аяқтала берген тұста Рохер Каньяс та қызыл қағаз алып қалды.

Екінші таймда 10 адаммен өткізген қос команда тағы да тартысты 45 минуттық өткізді. Сослан Такуловтың голынан кейін, Дамир Имери есепті теңестіріп қойды. "Атыраудың" одан кейін де тамаша мүмкіндіктері болды, алайда ойын 2:0 болып бітті.

"Тұран" мен "Мақтаарал" арасындағы дербиде қонақ команда жеңіске жетті. Бірақ дәл осы матчта "Мақтааралды" қонақ команда деп айтуға ауыз бармас. Өйткені, олар да дәл осы "Түркістан Арена" стадионында өнер көрсетеді. Премьер-лигадағы орынды сақтап қалғысы келіп жүрген қос команданың ойынында "Мақта" басым түсті. Олар арты-артынан 3 гол салып, керекті 3 ұпайды қоржынға басты. Енді Түркістан қаласының "Тұран" командасы келесі жылы жарысты Бірінші лигада өткізуі ықтимал.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу