"Астана" клубының ойыншысы әлемдік додада өнер көрсетеді

354

Иван Башич КПЛ тарихында әлем чемпионатына қатысатын алғашқы ойыншы атанбақ.  

"Астана" клубының ойыншысы әлемдік додада өнер көрсетеді Фото: vesti.kz

Астана футбол клубының ойыншысы Иван Башич Босния және Герцоговина құрамасы сапында 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, футболшы ұлттық құрамаға шақырту алған. Босния және Герцоговина құрамасы топтық кезеңде Канада, Швейцария және Қатар құрамаларымен ойнайды.

Иван Башич 2002 жылы дүниеге келген. Ол Боснияның Зриньски клубының түлегі. Бұған дейін Ресей чемпионатында Оренбург сапында өнер көрсеткен.

Футболшы 2023 жылдан бері Босния және Герцоговина құрамасында ойнап келеді.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді. Турнирге алғаш рет 48 құрама қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу