"Астана" клубының жаттықтырушысы 1 млн теңге айыппұл төлейтін болды

460

Клуб ойыншысы Barbosa Soares Mateus тәртіпке қайшы әрекеті үшін 200 АЕК немесе 738 400 теңге айыппұл арқалады.

"Астана" клубының жаттықтырушысы 1 млн теңге айыппұл төлейтін болды Фото: kstnews.kz

"Астана" футбол клубының жаттықтырушысы Григорий Бабаянға кездесуден кейінгі әрекеті үшін 1 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметіне сәйкес, жанжал 30 қазанда "Астана" мен "Атырау" клубтарының арасындағы матчтан кейін болған.

Ойында 3:2 есебімен астаналық клуб жеңіске жеткен. Алайда, матч біткен соң дау туындап, жаттықтырушы Бабаян ойыншыға қол көтерген.

Тәртіп бұзушылық Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этика комитетінің отырысында қаралған.

"ҚФФ Этика кодексінің 10, 12, 13 тармақтарын бұзғаны үшін 48-тармақты негізге ала отырып "Астана" құрамасының жаттықтырушысы Бабаян Григорийді 2 матчқа ойыннан алшақтатып, 300 АЕК немесе 1 107 600 теңге айыппұл салынды. Ойыннан алшақтату мерзімі 2024 жылдың 31 қазанынан бастап есептеледі. Айыппұлды 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін төлеуі керек", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, "Атырау" клубына 369 200 теңге айыппұл салынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу