"Астана" командалық есепте жеңіске жетті

2543

Ұзақтығы 146 шақырымдық "Андалусия Вуэльтасы" көпкүндігінің соңғы кезеңінде елордалық велокоманданың шабандозы Мигель Анхель Лопес үшінші орынға ие болды.

"Астана" командалық есепте жеңіске жетті

"Андалусия Вуэльтасының" шешуші кезеңінде Astana Qazaqstan Team шабандоздары команда көшбасшысы Мигель Анхель Лопесті жалпы есепте жеңіске жеткізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Команда барлық кезеңдерде өте жақсы жұмыс атқарды. Ал Мигель Анхель жарыстың соңғы екі шақырымында жойқын шабуылға шықты. Бірақ бұл жеңіске жету үшін аздық етті. Бір топ фавориттер 500 метрлік финалға бірге келді. Содан кейін спринтте асуға қарай көтерілген шабандоздар арасынан кешегі кезең жеңімпазы Ваут Пулс жалпы есепте көшбасшылығын қорғап қалды. Ал Мигель Анхель Лопес "Андалусия Вуэльтасында" жалпы есепте үшінші орын иеленді.

"Біз бар күшімізді салдық. Жігіттер әрбір кезеңде де, финалда да барын салды. Евгений Федоров бүгін үлкен жұмыс атқарды, пелотонда аянбай тер төкті. Содан кейін шабуылға шыққанға дейін маған Харольд Техада мен Алексей Луценко асуға көтерілу барысында көмектесті. Шын мәнінде, тау жолы біз ойлағандай қиын емес болып шықты. Нәтижесінде мен жалпы есепте үшінші орын алдым", - деді Мигель Анхель Лопес.

Жарыстың соңғы кезеңінде Ленард Камна жеңімпаз атанды Ол тауға жеткенде өз тобынан жеке шабуылға шығып, мәреге бірінші болып келді. Ал Astana Qazaqstan Team шабандозы Симон Веласко 8-нәтиже көрсетті.

Жарыстың қорытындысы бойынша бас классификацияда Ваут Пулс жеңімпаз атанды. Кристиан Родригес 2-орынға ие болса, Мигель Анхель Лопес үздік үштік қатарын толықтырды. Алексей Луценко 9-шы, Харольд Техада 12-ші болып жарысты аяқтады. Ал жалпыкомандалық есепте елордалық Astana Qazaqstan Team командасы жеңіске жетті.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу