"Астана" командасы сириялық клубты ойсырата жеңді

95

Баскетболдан "Астана" клубы ФИБА Батыс Азия Суперлигасының (WASL) топтық кезеңіндегі өнерін жалғастыруда. 

"Астана" командасы сириялық клубты ойсырата жеңді

Баскетболдан "Астана" кезекті жарқын жеңісіне қол жеткізді. Азияның WASL лигасы аясында елордалық "Велотрек" аренасында өткен матчта қазақстандық клуб сириялық "Аль Вахда" командасын ірі есеппен тізе бүктірді – 88:64.

Осы нәтижеден кейін "Астана" "А" тобының турнирлік кестесінде екінші орынға жайғасты. Келесі кездесу 15 қаңтарда өтеді. Елордалық ұжым өз алаңында ирандық "Шахрдари Горган" командасын қабылдайды.

Айта кетейік, бұл – "Астана" үшін WASL аясындағы үшінші маусым. 2023 жылы команда қола жүлдеге қол жеткізсе, өткен маусымда топтық кезеңнен өте алмады. Ал биылғы маусымда елордалық клуб Ресейдің ВТБ Бірыңғай лигасына қатысудан үзіліс алып, бар күшін Азия аренасындағы ойындарға бағыттап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу