"Астана" көшбасшылығын нығайтты

745

14-тур ойындарынан кейін Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде айтарлықтай өзгерістер орын ала қойған жоқ.

"Астана" көшбасшылығын нығайтты

Футболдан Қазақстан чемпионатының 14-ші турында "Астана" "Каспийді" ұтты. Кездесу Астанада өтіп, алаң иелерінің пайдасына 3:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаз команда сапынан Фабиен Урега (19-минут), Абат Айымбетов (21-ші) және Михаил Габышев (66-шы) голды соқты. Каспийліктерден Георгий Пантулая (55-ші) пенальтиді тамаша орындады. Бұл ойыннан кейін елордалық клуб 35 ұпай жинап, турнирлік кестеде бірінші орынды сақтап қалды. Ақтаулықтар 10 ұпаймен 12-ші орынға жайғасты.

"Ордабасы" футболдан Қазақстан чемпионатында 13-турда "Ақсуды" басым түсіп, оныншы жеңісіне қол жеткізді. Павлодарда өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Шешуші гол 66-минутта соғылды. Гол авторы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Владислав Васильев. Осылайша шымкенттіктер 32 ұпай жинап, екінші орында қалды. Ал 7 ұпаймен павлодарлықтар турнирлік кестенің соңғы сатысында қалды.

Футболдан Қазақстан чемпионатының 13-турында "Шахтер" "Жетісудан" жеңілді. Қарағандыда өткен кездесу 1:0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. 18-минутта шешуші голды Аслан Әділ соқты. Нәтижесінде 16 ұпай жинаған талдықорғандықтар турнирлік кестенің тоғызыншы орнында, ал жетінші рет жеңіліске ұшыраған қарағандылықтар 12 ұпаймен оныншы қатарда қалды.

"Қайрат" футболдан Қазақстан чемпионатының 14-турында "Қызыл-Жарды" жеңді Алматыда өткен кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Алматылық клуб сапынан бразилиялық жартылай қорғаушы Жоао Пауло 41 және 66 минуттарда гол соғып, дубль жасады. Ал ойынның 90+5-ші минутында Ян Труфанов гол салды. Осы жеңістің арқасында алматылықтар 24 ұпай жинап, турнир кестесінде бесінші орыннан төртінші орынға көтерілсе, 22 ұпайы бар петропавлдықтар төртіншіден бесінші орынға төмендеді.

Бүгін, 25 маусым ұлттық құрамалардың ойындарына байланысты үзілістен кейін Қазақстан Премьер-лигасының 14-туры аясында тағы екі ойын өтеді. Сағат 18:00-де көкшетаулық "Оқжетпес" өз алаңында қызылордалық "Қайсарды" қабылдаса, 20:00-де "Ақтөбе" өз алаңында аутсайдер "Мақтааралмен" кездеседі.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу