"Астана" көш бастады

1096

Турнирлік кестеде көшбасшы ауысты.

"Астана" көш бастады

Футболдан Қазақстан чемпионатының оныншы турында "Астана" "Қызыл-Жарды" ұтты. "Астана Аренада" өткен кездесу 3:2 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапынан Вараздат Ароян (17-минут), Марин Томасов (27-ші) және Эльхан Астанов (90+7) гол соқты. Осы жеңістің арқасында елордалық клуб 25 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орыннан бірінші орынға көтерілсе, петропавлдықтар (22) керісінше екінші орынға түсті. Келесі турда 28 мамыр күні "Қызыл-Жар" өз алаңында "Ордабасыны" қабылдаса, "Астана" сырт алаңда "Атыраумен" ойнайды.

Сонымен қатар Қазақстан чемпионатының оныншы турында "Шахтер" "Ақсуды" ұтты. Қарағандыда өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапынан бірінші болып Иван Свиридов 44-минутта гол соқты. Бірақ қарағандылық команданың қуанышы ұзаққа созылмады. Өйткені 45+3 минутта Дамир Марат қарымта голды соқты. 90+1-ші минутта "Шахтер" Максим Галкиннің голының арқасында қарсыласын тізе бүктірді. Осы табысының арқасында "Шахтер" 11 ұпаймен турнирлік кестеде тоғызыншы орынға жайғасты. Ал "Ақсу" 4 ұпаймен турнир кестесінің соңғы, 13-ші қатарында қалды. Келесі турда 27 мамырда "Шахтер" сырт алаңда "Каспиймен" ойнаса, "Ақсу" өз алаңында "Жетісуды" қабылдайды.     

Ел чемпионатының оныншы турында "Жетісу" ірі жеңіліске ұшырап, "Атыраудан" ұтылды (0:3). Қонақтар сапынан Евгений Козлов (5-минут), Нсунгуси Эффионг (24-ші) және Игорь Стасевич (58-ші) гол соқты. Осы ойыннан кейін 17 ұпай жинаған атыраулықтар алтыншы орынға жайғасса, активінде 10 ұпайы бар талдықорғандықтар турнир кестесінің 11-ші қатарында қалды. Келесі турда 27 мамыр күні "Жетісу" сырт алаңда "Ақсумен" кездессе, 28 мамыр күні "Атырау" өз алаңында "Астананы" қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу