Астана күніне орай конкурдан өткен қалалық ашық біріншілік жеңімпаздары анықталды

460

Елордада Астана күні мерекесіне орай ат спортының түрі – конкурдан өткен қалалық ашық біріншіліктің жеңімпаздары анықталды.  

Астана күніне орай конкурдан өткен қалалық ашық біріншілік жеңімпаздары анықталды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Айта кетсек, аталған сайыс елорда іргесіндегі "Арғымақ" ат спорттық сауықтыру кешенінде басталған болатын. Ат спортының олимпиадалық түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы әрі кешен басшысы Аманжол Хасеновтің айтуынша, конкурға Астана, Алматы, Шымкент қалаларымен қатар Алматы және Қарағанды облыстарынан келген 80-ге тарта жүйрік бақтарын сынады.

"Дәстүрлі біріншілікке 80-ге жуық шабандоз қатысты. Олар олимпиадалық тәртіпте жеті түрлі санатта бақ сынады. Яғни, №1 маршрут "Балалар санаты", №2 маршрут "Жасөспірімдер санаты" одан кейін "Әуесқойлар санаты", №4, №5, №6 маршрут "4, 5 және 6 жастағы жас аттар санаты" болса, соңғы №7-шы маршрут ол - "Ересектер санаты". Бұл жарыста спортшы мен жылқының әртүрлі жағдайда кездескен кедергілерден арнайы бағыт бойынша жүріп өткен жолы есепке алынды. Төрешілер жолдың жылдамдығы мен тазалығына мән берді. Әрбір құлаған кедергі үшін айыппұл секундтары бар", - деді Аманжол Хасенов.

Биылғы доданың басты ерекшелігі ұлттық құрамаға кіретін спортшылар да жалпы жүлде қоры 12 млн теңгені құрайтын сыйақыға таласты.

Сайыстың қорытындысы төмендегідей:

"Балалар" санаты

  • 1 - орын Амира Кабжанова ("Шах" тұлпар)
  • 2 - орын Жемчужина Яна ("Бавария" тұлпар)
  • 3 - орын Ғазиза Абильдинова ("Спектор Сайгон" тұлпар)

"Жасөспірімдер санаты"

  • 1- орын Бабаян Эстелла ("Таймаз" тұлпар)
  • 2 - орын Семенова Арина

("Ред ривер" тұлпар)

  • 3 - орын Серик Малика
  • ("Микадо" тұлпар)

"Әуесқойлар санаты"

  • 1 - орын Краузе Валентина

("Кайло Рен" тұлпар)

  • 2 - орын Сұлтан Ернат

("Субару Форестер" тұлпар)

  • 3 - орын Ровда Андрей

("Голд" тұлпар)

"4 жастағы жас аттар категориясы"

  • 1 - орын Әлішер Манар ("Артист" тұлпар)
  • 2 - орын Нұрсұлтан Жүкенов ("Буцефал" тұлпар)
  • 3 - орын Ника Сим ("Магнум" тұлпар)

"5 жастағы жас аттар категориясы"

  • 1 - орын Бекжан Байжанула ("King diamond" тұлпар)
  • 2 - орын Нұрболат Қартқожақ ("Изи стар" тұлпар)
  • 3 - орын Нұрболат Қартқожақ ("Бүркіт" тұлпар)

"6 жастағы жас аттар категориясы"

  • 1 - орын Ержан Қорабай ("Уран-над виграми" тұлпар)
  • 2 - орын Анель Хасенова ("Изи стар" тұлпар)
  • 3 - орын Виктория Котина ("Рафия" тұлпар)

"Ересектер" санаты

  • 1 - орын Ануар Досмаилов ("Диаз 13" тұлпар)
  • 2 - орын Эстелла Бабаян ("Таймаз" тұлпар)
  • 3 - орын Нұрила Тұрысбекова ("Джорни" тұлпар).
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу