"Астана" "Лудогорецпен" кездеседі

735

Бүгін, 8 тамызда "Астана" Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында болгариялық "Лудогорецпен" алғашқы ойынын өткізеді.

"Астана" "Лудогорецпен" кездеседі Фото: vesti.kz

"Астана" "Лудогорецті" жеңсе, Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде голландиялық "Аякспен" ойнайды. Ал екі ойынның қорытындысы бойынша жеңілсе, Конференция лигасының плей-офф кезеңіне өтіп, "Вальмиера" (Латвия) - "Партизани" (Албания) кездесуінің жеңімпазымен ойнады.

"Астананың" бас бапкері Григорий Бабаян "Лудогорецке" қарсы ойыннан қандай нәтиже күтетіні туралы айтты.

"Біз командамен, жалпы болгар футболымен жақсы таныспыз. Соңғы жылдары мұнда Болгариядан келген көптеген жаттықтырушылар жұмыс істеді. Сол "Лудогорецтен" "Ордабасыны" басқарған Георги Дерменджиев, осында аусықан Жоао Пауло бар. Май Махлангу, қазір Ордабасыда Жоржиньо бар. Яғни, бұл таныс ұжым және біз әрқашан тығыз байланыстымыз. Қарсыластың қарымын жақсы білеміз. Олар 12 жыл қатарынан чемпион атанып, жыл сайын топтық кезеңде ойнайды. Ойыншыларды таңдау бойынша өте жоғары сапалы команда екені анық. Оларды өте құрметтейміз, бірақ біздің өз міндеттеріміз, өз жоспарымыз бар. Біз үшін жеңіске жету өте маңызды. Бірінші ойында 0:4 есебімен жеңіліп қалдық және үлкен қысым болды. Ал қазір байқағаным, команданың психологиялық ахуалы біршама түзелді. Жігіттерге дайындалу оңай, көңіл-күйлері жақсы. Бәрі ойдағыдай болса, жанкүйерлеріміздің қолдауымен, Алла қаласа, жеңіске жетеміз", - дейді Григорий Бабаян.

Сондай-ақ болгариялық "Лудогорецтің" бас бапкері Ивайло Петев "Астанаға" қарсы ойынға қатысты пікір білдірді.

"Біз "Ботевке" қарсы (5:0) матчқа өте байыппен дайындалдық. Жылдам гол соқтық. Матчтың нәтижесіне ойыншының алаңнан қуылуы әсер етті. Бірақ біздің ойыншылар соңына дейін ойнады. Біз жасанды алаңға бейімделіп, жақсы нәтиже көрсетуіміз керек", - Ивайло Петев.

Кездесу "Астана Аренада" өтеді және жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады. Командалардың қарымта кездесуі 18 тамызда Разградта өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу