19-нан 20-на қараған түні сағат 01.00-де басталатын ойын барша қазақ жанкүйерлері үшін қызыққа толы болмақ. Ел чемпионы "Астана" Еуропа лигасының аясында "Манчестер Юнайтедпен" кездеседі. Осыдан бірнеше күн бұрын "Астана" командасы сырт алаңда гол салады дегенге букмекерлік кеңселер 3-ке жетеқабыл коэфицент беріп еді.
Алайда бүгін ойын күні бағалар өзгеріп отыр. Енді қазіргі мезетте көптеген кеңселер Қазақ командасының гол соғуына небәрі 1,9 коэфицент ұсынып отыр. Елордалық команданың гол соғу мүмкіндігі нендей жағдайға байланысты күрт артып отырғаны әзірге белгісіз.
Ермұхамед Мәулен
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу