"Астана" маусымды жеңіспен бастады

228

Бүгін "Астана" футболшысы Марин Томасов елордалық клуб сапындағы 300-ші ойынын өткізді.

"Астана" маусымды жеңіспен бастады Фото: kazfootball.kz

Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы турындағы соңғы матчта "Астана" өз алаңында талдықорғандық "Жетісуді" 4:1 есебімен жеңді. Осылайша, елордалық клуб жаңа маусымдағы алғашқы 3 ұпайына қол жеткізді.

Матч басталысымен "Астана" ойын тізгінін толықтай өз қолына алды. 14-минутта шабуылшы Станислав Басманов дәл соққысымен есеп ашты. Арада 15 минут өткенде қорғаушы Карло Бартолец есепті еселей түсті. Ал 39-минутта Мақсат Абраев гол соғып, бірінші таймдағы есепті 3:0-ге жеткізді.

Екінші таймда да елордалық клуб шабуылды тоқтатпады. 57-минутта команданың капитаны Марин Томасов мергендігімен көзге түсіп, есепті 4:0-ге дейін ұлғайтты.

Тек 81-минутта ғана "Жетісу" құрамындағы Марко Живанович бір гол соқты. Нәтижесінде, кездесу 4:1 есебімен "Астананың" пайдасына аяқталды.

Осы жеңістен кейін "Астана" алғашқы 3 ұпайын еншілеп, турнир кестесінде "Ақтөбемен" бірге көш бастады.

Айта кетейік, өткен маусымда "Астана" алматылық "Қайраттың" басты қарсыласы болған еді. Нәтижесінде, чемпиондық атақты "Қайрат" иеленді. Биылғы маусымның алғашқы турында "сары-қаралар" да жеңіске жеткенімен, доп айырмашылығы бойынша әзірге елордалық клубтан төмен тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу