УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңінің кездесуі 12 желтоқсанда, сағат 20:30-да Алматының "Орталық" стадионында басталады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазақстандық клубтың мәліметінше, осы ойынға қызығушылық танытқандар санының көп болуына байланысты билет сатуда бірнеше қауіпсіздік шарты қарастырылған:
– бір адамға 4 дана билет сатылады: сатып алу электрондық пошта, телефон нөмірі және несие картасын тіркеу арқылы жүзеге асырылады;
– билеттер жеке тұлғаға рәсімделеді, тапсырыс беру кезінде әрбір келушінің деректерін енгізу қажет, матчқа барған кезде өзімен бірге төлқұжат болуы тиіс;
– матчқа қатысу құқығын беретін QR коды бар электронды билет ойын күні электронды поштаға жіберіледі.
"Астана" "Челсимен" өтетін ойында билеттерді сатудан миллиард теңгеге жуық табыс табатыны белгілі болып отыр. 24 қарашада сатылымға шыққан билеттер сол күні-ақ 1-2 сағатта таусылып қалған. Билет бағасы 10-40 мың теңгеден басталады, бәрі секторға байланысты бағаланған.
Билеттер сатылымының екінші кезеңі желтоқсан айына жоспарланған.