"Астана" мен "Шахтер" голды қарша боратты

1106

Елордалық клуб қайтадан көш басына шықты.

"Астана" мен "Шахтер" голды қарша боратты

"Астана" Қазақстан Премьер-лигасының 19-туры қарсаңында "Шахтерды" қабылдады. Матч "Астана Аренада" өтіп, 4:3 есебімен алаң иелері жеңіске жетті.

Ойынның небәрі 6-минутында Макс Эбонг Барсегянның пасын ұтымды пайдаланып есеп ашты. 26-минутта Валерий Чуперка есепті еселеді. 41-минутта "Шахтердың" жас футболшысы Свиридов екі ойыншыны алдап өтіп, гол соқты. Ал 55-минутта Марин Томасов айып алаңына әуелете пас асырып еді, Абат Айымбетов бұл допты қақпаға дәл бағыттады. Бірақ 64-минутта Геворг Наджарян командасының екінші голын соқты. 77-минутта Барсегян ойынның нүктесін қойғандай болып еді, бір минуттан кейін Қыбырай мергендігімен көзге түсті.

Үш ұпайды қоржынына салған елордалық клуб 41 ұпаймен көш басына қайта оралды. "Шахтер" 19 ұпаймен он бірінші орында қалды.

"Қайрат" Қазақстан Премьер-лигасының он тоғызыншы туры аясында "Атыраумен" кездесті. Алматыдағы Орталық стадионда өткен матч 5:0 есебімен аяқталды. Ойынның 28-минутында есеп ашқан Артур Шушеначев 59-минутта дубль авторы атанды. Ал 57-минутта Хосе Канте ерекшеленді. 68-минутта Гүлжігіт Алықұлов, қосымша уақытта Камо Оганесян гол соғып, матчтың нүктесін қойды.

Кирилл Кекер шәкірттері бұл жеңістен кейін 37 ұпаймен үшінші орында қала берді. Жауапсыз бес гол жіберген "Атырау" 25 ұпаймен жетінші орынға тұрақтады.

"Ақтөбе" OLIMPBET-Қазақстан футбол чемпионатының 19 тур матчында "Ақжайықты" өз алаңында жеңді. Кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Қонақтар бірінші болып есеп ашты. 41-минутта Евгений Козлов оралдықтарды алға шығарды. Бірақ, 19-жастағы шабуылшы Максим Самородов 59 және 67-минуттарда дубль жасап, ақтөбеліктерді жеңілістен құтқарды.

Жеңіліс тапқан "Ақжайық" турнир кестесінде үшінші орында тұрған "Қайраттан" тоғыз ұпай артта қалып, төртінші орынға тұрақтады. "Ақтөбе" тоғызыншы сатыға көтерілді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу