"Астана" клубы "Зимбрумен" тең тарқасты

227

Матч тағдыры Кишиневте шешіледі. 

"Астана" клубы "Зимбрумен" тең тарқасты Фото: © REUTERS / Gleb Garanich

Футболдан УЕФА Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында “Астана” өз алаңында Молдованың “Зимбру” клубымен тең түсті.

“Астана Аренада” өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды. Бірінші таймның соңына таман, дәлірек айтсақ, 45+1-минутта қонақтар сапынан Гай Дахан есеп ашты. Алайда екінші таймда Григорий Бабаян жаттықтыратын елордалық ұжым таразы басын теңестірді. 56-минутта Иван Башич дәл соққысымен көзге түсті.

Ойын барысында “Астана” айқын басымдыққа ие болды. Команда допты жиі бақылап, бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Әсіресе, капитан Марин Томасов өте белсенді ойнап, қарсылас қақпасына бірнеше рет бағыттаған соққылары арқылы есепті өзгертуге тырысты. Алайда сәттілік жетіспеді, команда жеңісті жұлып әкете алмады.

Осылайша, алғашқы матч тең нәтижемен аяқталып, енді қарсыластардың тағдырын 31 шілде күні Кишинёвте өтетін қарымта кездесу шешеді. Бұл жұптың жеңімпазы үшінші іріктеу кезеңінде Солтүстік Македонияның “Вардары” мен Швейцарияның “Лозанна” клубтары арасындағы жеңіске жеткен командамен жолығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу