"Астана" ойыншылары коронавирусқа тест тапсырды

1786

"Астана" клубының футболшылары коронавирусқа тест тапсырып, ешбір ойыншыдан вирус табылған жоқ, - деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

"Астана" ойыншылары коронавирусқа тест тапсырды

Елордалық футбол клубының ойыншыларының жағдайы туралы "Астананың" және Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек әңгімеледі. Чехиялық маман Setanta Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында команданың бес ойыншысының дене қызуы көтеріліп жатқандығын айтқан болатын.

"Біз бір жарым айдан бері бірге жұмыс істеп жатырмыз. Алайда кішкене мәселе туындап тұр. Біз премьер-лиганың командаларының біреуімен де әлі  кездесу өткізген жоқпыз. Бабымыздың қай деңгейде екенін айту қиын. Соңғы аптада бес ойыншымыз ауырып қалды. Олардың дене қызулары көтерілуде. Ал Жарко Томашевич жарақат алды", - деді "Астананың" бас бапкері.

Дегенмен, елордалық клубтың ойыншыларынан короновирус анықталған жоқ. Бұл туралы команданың баспасөз қызметкері Дмитрий Нестеренко өзінің телеграм каналында хабарлады.

"Қазақстан Чемпионаты басталар алдында "Астана" коронавирусқа тест тапсырған. Барлық ойыншылар мен бапкрелік штабтың  қызметкерлерінен вирус анықталған жоқ", - деп Дмитрий Нестеренко хабарлама қалдырды.

Естеріңізге сала кетсек, павлодарлық "Ертіс" 1 шілдеден бастап Қазақстан премьер-лигасының ойындарынан шығып қалғандықтан "Астана" біріншіліктің 3-тур ойындарын жіберіп алды. Енді чемпионат қайта тоқтатылды. Ал карантин аяқталып, чемпионат қайта басталған соң "Астана" "Тобылмен" кездесу өткізеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу