Astana Open ATP 500. Іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті

1489

Ұйымдастырушылар тарапынан іріктеуге төрт қазақстандық – Григорий Ломакин, Александр Недовесов және Арсланбек Айтқұлов арнайы шақырту алды.

Astana Open ATP 500. Іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті

Іріктеуде бірінші нөмірмен тіркелген қазақстандық Денис Евсеев әлемнің 65-ракеткасы Давид Гоффинмен, Александр Недовесов колумбиялық Даниэль Галанмен, Григорий Ломакин түрік Алтуг Челикбелекпен, Арсланбек Айтқұлов ресейлік Павел Котовпен кездеседі.

Денис Истомин сербиялық Ласло Джереннен айласын асыруға тырысса, қытайлық жас теннис жұлдызы Чжичжень Чжан түрік Джем Илкелге қарсы ойнайды. Сондай-ақ іріктеуде Хамад Маджедович Лука Нардимен, Александр Шевченко Карлос Гомеспен ойнайды.

Іріктеу кезеңінің ойындары ертең, 1-қазан күні сағат 11:00-де басталады. Турнир елордалық "Beeline Arena" ұлттық теннис орталығында өтеді.

ATP 500 сериясының жарысы Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының Үлкен дулыға турнирлері мен ATP Masters 1000 турнирінен кейінгі маңыздылығы жағынан үшінші турнир. ATP 500 Astana Open турнирінде әр жылдардағы Grand Slam турнирлерінің чемпиондары кездеседі: Новак Джокович (№7 АТР), Карлос Алькарас (№1 АТР), Даниил Медведев (№4 АТР), Марин Чилич (№16 АТР), Станислас Вавринка (WC). Сондай-ақ Стефанос Циципас (№6 АТР), Андрей Рублёв (№9 АТР), Хуберт Хуркач (№11 АТР), Янник Синнер (№10 АТР), Феликс Оже-Альяссим (№13 АТР), Диего Шварцман (№17 АТР), Карен Хачанов (№18 АТР), Роберто Баутиста Агут (№21 АТР) және т.б. ойнайды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу