Astana Open: Доминик Тимнің жанкүйерлері автограф-сессиясында ұзын-сонар кезекке тұрды

710

Астанадағы турнирдің жалпы жүлде қоры 1 017 850 долларды құрайды.

Astana Open: Доминик Тимнің жанкүйерлері автограф-сессиясында ұзын-сонар кезекке тұрды Фото: reuters.com

ATP 250 Astana Open турнирінде US Open 2020 чемпионы, әлемнің экс-үшінші ракеткасы, Аустрия өкілі Доминик Тимнің автограф-сессияcы өтті. Бұған жанкүйерлер көптеп жиналды, сондықтан ұзын-сонар кезек пайда болды. Доминик Тим қазіргі уақытта ATP рейтингінде 81-орында тұр. Аустриялық теннисші бүгін, 28 қыркүйекте бірінші айналымда Перу елінің өкілі Хуан-Пабло Варильяспен ойнайды.

Астанадағы турнирдің қазіргі чемпионы  – әлемнің бірінші ракеткасы, сербиялық теннисші Новак Джокович. Былтыр Бейжіңдегі турнирдің тоқтатылуына байланысты бұл бәсеке Астанада ATP 500 сериясында өтті.

Айта кетейік, ATP 250 Astana Open сериясы турнирі алдында ойыншылар Доминик Тим, Себастьян Баес, Роберто Карбальес Баена және Грегуар Баррере бұралқы жануарлармен дәстүрлі фотосессияға қатысты. Акция "Балто" үйімен бірлесіп өткізілді. Осылайша, спортшылар бұралтқы қалған үй жануарлары мәселесіне назар аударғысы келді. Ойыншылар бей-жай қарамайтын қазақстандықтарды осы жануарларға оларға қамқорлық жасайтын және сүйіспеншіліктерін бөлісетін жаңа иелер табуға көмектесуге шақырды.

Өкінішке орай қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (әлемнің 246-ракеткасы) ATP 250 турниріндегі ойынын аяқтап, Португалияның бірінші ракеткасы Нуно Боргештен 7:5, 6:7 (6:8), 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Алғашқы кезеңде Хамад Меджедович (әлемнің 120-ракеткасы) сербиялық теннисші Ласло Дьере (әлемнің 37-ракеткасы) ойнады. 20 жастағы Хамад тәжірибелі әріптесін 6:3, 2:1 есебімен еш қиындықсыз жеңіп кетті. Осы жеңісінің арқасында серб Next Generation ATP Finals-қа (21 және одан төмен жастағы үздік теннисшілер үшін) шығатын мүмкіндігін арттырды.

Ресейлік Александр Шевченко Нидерланд өкілі Ботик Ван де Зандшульпты сенімді түрде жеңді – 6:4, 6:3. Соңғы іріктеу ойындарының қорытындысы бойынша турнирдің негізгі кезеңіне Егор Герасимов (Беларусь), Әлібек Качмазов (Ресей), Юрий Родионов (Аустрия), Шо Шимабукуро (Жапония) жолдама алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу