Astana Open. Қазақстандық теннисші ширек финалға шықты

989

26 қазан күні басталған Astana Open ATP 250 турнирі 3 қазанға дейін жалғасады. 

Astana Open. Қазақстандық теннисші ширек финалға шықты Фото: ktf.kz

Бүгін елордада ATP 250 Astana Open сериясындағы турнирдің жұптық сындағы алғашқы матчтары өтті. Жұптық сын бойынша Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Недовесов Эквадор өкілі Гонсало Эскобармен бірге бірінші айналымда Себастьян Баэс (Аргентина) пен Бернабе Сапата Миральесті (Испания) 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Александр мен Гонсалоның ¼ финалындағы қарсыластар кейінірек анықталады.

"Дэвис кубогынан кейін, мен Астанада болып, осы турнирге жақсылап дайындалу үшін Қытайдағы турнирлер сериясынан бас тарттым. Маған бұл корттар жақсы таныс. Сондықтан тез бейімделдім және бүгінгі матчқа және жалпы жеңіске өте разымын. Мен әрқашан өзіме барынша мақсаттар мен міндеттер қоямын. Ал өз еліңде ойнау – екі есе жауапкершілік. Сондықтан Астанадағы осы турнирде жеңіске жеткім келеді", - деді Александр Недовесов матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Аталмыш жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген нидерландылық Таллон Грикспур бірден екінші айналым матчын өткізеді. Турнирдің екінші ракеткасы – аргентиналық Себастьян Баэс. Сондай-ақ таңдаулылар қатарында чехиялық Иржи Лехечка (4), америкалық Себастьян Корда (5), франциялық Адриан Маннарино (6), сербиялық Ласло Джере (7), швейцариялық Стэн Вавринка (8) және басқалар бар.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик рейтингі жоғары болғандықтан, жарысты бірден екінші айналымнан бастайды. Ал тағы бір қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин бүгін турнирдегі ойынын аяқтап, Португалияның бірінші ракеткасы Нуно Боргештен 7:5, 6:7 (6:8), 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу