Astana Open. Михаил Кукушкин Эмиль Руусувуориге жол берді

1066

Қазақстандық Михаил Кукушкин мен финляндиялық Эмиль Руусувуори Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан ATP 250 Astana Open турнирінің жартылай финалына шығу үшін өзара сынға түсті.

Astana Open. Михаил Кукушкин Эмиль Руусувуориге жол берді

21 жастағы фин спортшысы жарыстың негізгі кестесіне іріктеу арқылы түскен болатын. Жарыс жолында алдымен тағы бір Қазақстан өкілі Тимофей Скатовты жеңіп, одан кейін аустралиялық Джордан Томпсонды қапы қалдырды. 

Михаил Кукушкин турнирде ауыр тиген екі кездесу өткізді: алдымен аргентиналық  Федерико Дельбонисті ұтып, бір күн бұрын өткен екінші матчта Astana Open турнирінің бірінші нөмірлі теннисшісі, бас жүлдеден үміткер  Бенуа Перді үйіне қайтарды.

Михаил Кукушкин ширек финалдың бірінші геймінде тізгінді Эмиль Руусувуориге беріп қойғанымен, бірінші сетте өзіне сенімді көрінді. Жерлесіміз допты қарсыласына қарсы тұсқа соғып, қарсыласы қателеседі деп күтті. Бірақ Руусувуори барынша жинақы ойнады, қайта Кукушкиннің сәтсіз шыққан ойынға қосылуында тізгінді өзіне тартып, алтыншы геймде брейк жасады. Уысынан шығып бара жатқан жеңісті қайтаруға тырысқан Кукушкин  тәуекелге бел буды, өткір форхендтерді барынша жинақы қайтарды. Ал Руусувориге оның қатты соққылары көмектесті (сағатына 210 км). Алаң иесінің допты ойынға қосулары сәтті шығып, ол сет үшін күресті тоқтатқан жоқ. Бірақ  Эмиль Руусувуори  бір брейкпен алға шығып, бірінші партияны өз пайдасына шешті.

Екінші сетте допты ойынға Михаил Кукушкин қосты. Ол негізінен корттың шетінде ойнады, Қарсыласының жиі қайталанған қателіктерін дер кезінде байқаған фин теннисшісі брейк өткізіп, өз доп беруінде есеп алшақтығын еселей түсті. 

Үшінші гейм үшін талас Руусувуоридің еншісіне жазылды. Геймдегі  0:4 есебінде Кукушкин бірінен кейін бірі келген брейкпоинттарды қайтарып, есеп айырмасына өзгеріс енгізген еді. Михаил қарсыласын ұзақ ойынға көшуге мәжбүрледі, Руусувуоридің допты ойынға қосқан геймінде допты сыртқа шығару әдісін ұтымды пайдаланып кетті. Бірақ бұл кездесуде Финляндия өкілі шабуылдан қарсылық көрсетуге оңай көшіп отырды.  Келесі екі гейм Эмиль Руусувуоридің пайдасына жазылды: 6:3, 6:1.

Жартылай финалда Эмиль Руусувуори турнирдің үшінші нөмірі, француз Адриан Маннариномен бағын сынайды. Ал финал жолдамасын сарапқа салатын екінші матчта Фрэнсис Тьяфу (АҚШ) мен Джон Миллман (Аустралия) ойнайды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу