Astana Open турнирінде бельгиялық теннисші жеңіске жетті

1108

Финалда қазақстандық Юлия Путинцева барын салғанымен, жеңіске жете алмады.

Astana Open турнирінде бельгиялық теннисші жеңіске жетті

Қазақстан тарихындағы WTA 250 сериялы алғашқы халықаралық турнир - Astana Open керемет финалдық ойынмен аяқталды. Жарыстан алған эмоцияны айтып жеткізу қиын. Елордада өткен шешуші матчта турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген Юлияның қарсыласы WTA рейтингінде 89-шы орында тұрған бельгиялық Элисон Ван Эйтванк болды.

Небәрі 25 минутқа созылған бірінші сетте үш брейк-пойнт жасаған Путинцева Ван Эйтванктан 6:1 есебімен басым түсті.

Бельгиялық теннисші екінші партияны брейкпен бастады. Алайда, төртінші геймде Юлия есепті теңестірді. Содан кейін 3: 2 есебімен алға шықты. Жетінші және сегізінші геймде қарсыластар брейкпен алмасты. Соған қарамастан Элисон екінші сетте 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Шешуші сет екінші кезеңнің сценарийі бойынша өтті. Брейкпен басталған кезеңнің жетінші геймінде Юлия допты ойынға қосқанда бельгиялық тағы да ұпай еншілеп, есепті 5:3-ке жеткізді. Нәтижесінде Ван Эйтванк 6:4 есебімен жеңді.

Astana Open-дегі жеңіс Ван Эйтванктің мансабындағы бесінші жеңіс. Ол 29 200 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйлық пен 280 рейтингтік ұпайға ие болды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу