Astana Open турнирінің финалистері анықталды

1015

Өкінішке орай Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Astana Open ATP 250 турнирінің финалына шыға алмады.

Astana Open турнирінің финалистері анықталды

Әлемнің 32-ракеткасы Александр Бублик жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 82-орында тұрған оңтүстік кореялық Квон Су Вумен кездесті. Бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:3 есебімен басым түсті. Екіншісінде оңтүстік кореялық қарымта қайырды - 7:5. Үшінші, шешуші сетте Квон Сун Ву кезекті жеңісіне қол жеткізді - 6:3. Екі сағаттан сәл астам уақытқа созылған матчта Бублик 26 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың тек екеуін ғана пайдаланды. Қарсыласы 7 эйс, 3 брейкке қол жеткізді.

Енді Квон Сун Ву финалда аустралиялық Джеймс Даквортпен кездеседі. Ол жартылай финалда Беларусь өкілі Илья Ивашканы 6:3, 7:6 есебімен ұтқан болатын.

"Мен біраз толқып тұрмын. Бұл расымен де қиын матч болды. Илья маусымды тамаша өткізуде. Биыл біз екі рет кездестік. Екі ойында да үш сетке дейін жеттік. Бұл матч өте қиын болатынын білдім. Бірақ екінші сетте тайм-брейкте жеңіске жеткеніме қуаныштымын". - деді Дакворт.

Дакворт қатарынан тоғызыншы кездесуінде жеңіске жетті. Оның жеңісті сериясы Стамбулдағы Челленджерде басталды. Аустралиялық үшін бұл оның спорттық мансабындағы алғашқы ATP финалы болады. Осыған дейінгі оның бұл деңгейдегі ең жақсы нәтижесі 2020 жылғы Пунадағы жартылай финал еді.

Сонымен қатар Astana Open  турнирінде жұптық жарыстың да финалистері анықталды. Сантьяго Гонсалес (Мексика) пен Андрес Молтени (Аргентина) жартылай финалда Рикардис Биранкис (Литва) пен Артем Ситакты (Аустралия) 6: 4, 6: 0 есебімен ұтты. Шешуші кездесуде олар Ромен Арнеодо (Монако) мен Бенджамин Бонциді (Франция) жеңген Андрей Василевский (Беларусь)/Джонатан Эрлих (Израиль) дуэтіне қарсы ойнайды - 7: 6, 7: 6.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу