Аустралиялық жұп Макс Перселл мен Люк Сэвилл Astana Open финалында брейкті бірінші геймде-ақ жасады. Бірақ Люк Сэввилл қателескен жоқ. Осыдан кейін қарсыластар жинақы ойнады. Сет ортасына қарай екі жаққа да ұпай бермеген геймдермен алмасты. 9-геймде аустралиялық спортшылардың есеп ұлғайтуға мүмкіндігі болған. Бірақ Флиген допты ойынға қосуда сауатты ойнады. Осыдан кейін Жилле тай-брейк жасауға оңтайлы сәт туғызды. Ал Перселл сет соңына қарай ұпай беріп қойды. Партия Бельгия өкілдерінің пайдасына шешілді.
Аустралиялық жұп Перселлдің допты ойынға қосуында қателік жасап, екінші сеттің үшінші геймінде геймде ұтылуға жақын болған. Бірақ жұбы тор жанында сауатты қозғалып, шешуші ұпайды өз қоржындарына салды. Алайда кейінгі уақытта Сэвилл допты ойынға қосуда мүлт кетті. Белгиялықтар ұпай санын еселеу мүмкіндігін жібермей, брейкпен алға шықты. Австралиялық жұп жиі қателесті, ал Флиген кортта өзін сенімді ұстаса, Перселлдің жүйкесі сыр берді. Финалдық матч Йоран Флиген мен Сандер Жилле жұбының жеңісімен аяқталды.
Марапаттау рәсімінде Аустралиядан келген қос теннисші марапатпен бірге, қазақ елінің кең пейіліне және ұйымдастырушылардың ыстық ықыласына ие болғандарын айтты. Люк Сэвилл ATP мен Қазақстан теннис федерациясының басшылығынан бастап аспазшыларға, корт қызметкерлеріне және қонақ үй қызметкерлеріне дейін алғыс айтуды ұмытпады, - деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.
Astana Open 2020 жылдың 25 қазаны мен 1 қарашасы аралығында өтті және әлемдік рейтингтің алғашқы жүздігіне енген 30-дан астам қатысушысының басын қосты. Турнирге әлемнің ең мықты теннисшілері - Бенуа Пер (26), Адриан Маннарино (39), Джон Миллман (43) қатысты. Қазақстан ұлттық құрамасының намысын турнирде Михаил Кукушкин (88), Александр Бублик (49), Дмитрий Попко (171), Тимофей Скатов (438), Денис Евсеев (373), Андрей Голубев (89), Александр Недовесов (333) қорғады.
АТР 250 әлемдік турына жылына 40 кәсіби ерлер туры кіреді. Алайда, осы маусымда пандемияға байланысты оның тек 17-і өтті. Нұр-Сұлтандағы турнир іс жүзінде маусымдағы соңғы жарыс және бұл турнир теннисшілерге АТР рейтингісінде осы жылдың соңғы 250 ұпайын алу мүмкіндігін берді. Турнирдің жүлде қоры 275 000 долларды құрады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Astana Open көрерменсіз өтті.
Ермұхамед Мәулен