"Астана" "Ордабасыдан" жеңілді

1584

Елордалық клуб осы маусымда алғаш рет жеңілістің дәмін татты.

"Астана" "Ордабасыдан" жеңілді

"Астана" Қазақстан Премьер-лигасының он жетінші туры аясында "Ордабасымен" кездесті. Матч "Астана Аренада" өтіп, 0:2 есебімен шымкенттік клуб жеңіске жетті.

Ойынның алғашқы минутында "Астана" матч тағдырын шешіп тастауы мүмкін еді. Бірақ өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Ал ойынның 22-минутында Сағадат Тұрсынбайдың керемет пасынан кейін Бағдат Қайыров есеп ашты. Екі минут өткеннен кейін Жоао Пауло осы маусымдағы кезекті голын соқты. Екінші тайм толық алаң иелерінің бақылауымен өтсе де, "Астанаға" гол соғу бақыты бұйырмады.

Осы маусымда алғаш рет жеңілген елордалық клуб турнирлік кестеде 38 ұпаймен көш басында қала берді. Ал "Ордабасы" 24 ұпаймен бесінші орынға көтерілді.

"Ақжайық" Қазақстан Премьер-лигасының он жетінші туры қарсаңында қарағандылық "Шахтерды" қабылдады. Оралдағы "Ақжайық" стадионында өткен матч 1:1 есебімен аяқталды. Ойындағы алғашқы гол 54-минутта соғылды. Сол қапталдан асырылған пасты Николай Ковталюк баспен қақпаға дәл бағыттап, командасын алға шығарды. Ал 63-минутта Ескендір Қыбырай көзге түсіп, таразы басын тең қылды.

Оралдық клуб 25 ұпаймен төртінші орынын сақтап қалды. Ал Магомед Адиев шәкірттері 16 ұпаймен он бірінші орынға көтерілді.

"Ақтөбе" Қазақстан Премьер-лигасының он жетінші туры қарсаңында "Қызыл-Жармен" кездесті. Қобыланды батыр атындағы стадионда өткен матчта жеңімпаз анықталмады.

Ойынның алғашқы бөлігінде қос команда да гол соға алмады. Бірақ 69-минутта Дарко Зорич қақпашымен жеке-дара шығып, өз мүмкіндігін сәтті пайдаланды. Ал 80-минутта "Қызыл-Жар" қорғаушысы Нұрлан Дайыров қызыл қағаз алды. Бір минут өткеннен кейін Юрий Логвиненко есепті теңестірді. Жеңіліссіз сериясын үш матчқа ұзартқан "Ақтөбе" турнирлік кестеде 20 ұпаймен тоғызыншы орынға тұрақтады. 22 ұпайы бар "Қызыл-Жар" жетінші орынға жайғасты.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу