banner

"Астана" плэй-оффқа өтті

2540

"Астана" командасы Мальтаның "Валетта" командасын 4:0 есебімен жеңіп, келесі айналымға жолдама алды.

"Астана" плэй-оффқа өтті

Бұл текетірестің тағдыры "Астана Аренада" өткен ойында шешіліп қойған еді. Елордалықтар 5:1 есебімен жеңіске жетіп, плэй-офф кезеңіне бір табан жақындаған. Ал жауапты матчта Қазақстан чемпионы Мальта чемпионын 4:0 есебімен жеңді. Бұл ойында Роман Мұртазаев пен Марин Томасов екі голдан салды. Сонымен екі кездесудің қорытындысы бойынша "Астана" 9:1 нәтижесімен келесі айналымға қиналмай шықты.

Сонымен қатар, үшінші айналымда Босния чемпионы "Сараево" командасын айналып өткен Белоруссия чемпионы БАТЭ Роман Григорчук командасына қарсылас атанып отыр. Топтық кезеңге жолдама беретін соңғы айналымның алғашқы матчы "Астана Аренада" 22 тамыз күні өтеді. Араға апта салып командалар Борисов қаласында жауапты матч өткізеді.

"Валлетта" (Валлетта, Мальта) - "Астана" - 0:4 (жалпы есеп - 1:9)

Голдар: Роман Мұртазаев 25, 68, Марин Томасов 37, 89

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу