"Прованс турына" команда бірқатар көшбасшылардың тізім ұсынды. Олардың арасында 2019 жылғы жеңімпаз Горка Исагирре және өткен маусымның екі жеңімпазы Александр Власов пен Алексей Луценко бар.
Прованс турынан кейін Astana - Premier Tech испаниялық "Альмерия классикасы" біркүндік жарысына және тағы бір француздық "Альпі теңіз жағалауы және Вар департаменттерінің туры" жарысына қатысады. "Альмерия классикасында" үздік шабандоздардан Испанияның қазіргі чемпионы Луис Леон Санчес және француздық көпкүндіктің капитаны Якоб Фульсанг та болады.
Astana Premier Tech командасының басты мақсаттарының бірі - көпкүндік жарыстарда жеңіске жету. Команданың көшбасшыларының бірі Александр Власов Джиро д'Италияда жоғары орындар үшін таласуға тырысады, ал Якоб Фульсанг Арденн классикасы мен Токиода өтетін Олимпиада ойындарына аса назар аударады. Алексей Луценконың басты мақсаттарының арасында классикалық жарыстар, сонымен қатар "Тур де Франс" кезеңдері және Олимпиададағы топтық жарыс бар.
"Біріншіден, біз маусымға жоспарланған барлық жарыстарды өткіземіз деп үміттенеміз. 2020 жыл бәріне қиын болды. Бірақ 15 жеңіске қол жеткіздік. Жаңа маусымда жоғары нәтижеге қол жеткізе алатын тәжірибелі және жас шабандоздар арасында жақсы тепе-теңдікке ие мықты команда жинай алдық. "Валенсия Вуэльтасы" өтпейтіндіктен, біз өз жейделерімізге нөмірлерімізді жазып, "Прованс Турында", содан кейін "Альмерия классикасында" және басқа жарыстарда өнер көрсететінімізге қуаныштымын. Біз бірнеше жарыстар тоқтатылғаннан кейін пайда болған қосымша уақытты тағы бір оқу-жаттығу жиынын өткізуге пайдаландық. Енді маусымды бастауға және жеңіс үшін күресуге 100% дайынбыз", - деді команданың спорт жетекшісі Александр Винокуров.
"Біз Astana - Premier Tech ретінде алғашқы жарысымызды Giordana компаниясы ұсынған жаңа киімдерімізбен бастауға дайындалып жатырмыз. Айтарлықтай қарқынды өткен маусымаралығынан кейін алғашқы жарыстарды күту әрдайым әсерлі болады. Ал биылғы жылы толқу одан да зор. Өйткені біз Premier Tech-ті команданың тең иегері және демеушісі ретінде қарсы аламыз. Соңғы бірнеше айда шабандоздар да, қызметкерлер де маусымға дайындалу үшін көп күш жұмсады. Сондықтан біз биыл маусымды "Прованс туры" көпкүндігінен бастаймыз. Бұл жарыс және бүкіл маусым Astana - Premier Tech үшін өте сәтті өтеді деп үміттенеміз", - деді команданың басқарушы директоры Яна Зель.
Ермұхамед Мәулен