Astana – Premier Tech шабандоздары "Бретани классикасына" қатысады

1214

Плюэ қаласының маңында өтетін әйгілі "Бретани классикасы" деп аталатын классикалық жарысқа қатысу үшін Astana - Premier Tech командасы Францияға аттанды. 

Astana – Premier Tech шабандоздары "Бретани классикасына" қатысады

Қазақстандық-канадалық команда бұл жарыста жоғары орындар үшін таласуға және жүлделі орындар иеленуге тырысады. Astana - Premier Tech командасының спорт директоры Стив Бауэр бұл өте қиын жарыстардың бірі екенін атап өтті. 

"Бретани классикасы - бұл өте ұзақ жарыс және Антверпенде өтетін әлем чемпионаты алдында шабандоздарға бабын сынап көруге өте ыңғайлы. Ол жақта бізді асулары көп, өте қиын жарыс бағыты күтіп тұр. Осы жексенбіде біз 250 шақырымдық жарыс жолында 64 асуды жүріп өтіп, 4000 метрге жуық биіктікке көтерілеміз. Сондықтан бұл классикалық жарыс финалдағы шешуші сәттерге дейін күшін сақтап қала алатын төзімді шабандоздарға арналған", - дейді спорт директоры Стив Бауэр.

Команда құрамында жақында "Норвегияның Арктикалық жарысында" жалпы есепте 4-орын алған Самуэле Баттистелла, сонымен қатар "Польша турында" жақсы өнер көрсеткен Мануэле Боаро, Стефан Де Бод, Фабио Феллине, Мерхави Кудус, Бенжамин Перри мен Йонас Грегаардтар бар.

"Екінші тамақтану орынынан кейін шабандоздарымызға өте мұқият болу керек. Онда жарыс тауларға қарай жалғасады. Бретанидің тар жолдары мен көптеген асуларында жылдамдық жоғарылайтын болады. Біз көшбасшы топ қатарына қосылауға тырысамыз. Бірақ жарыс тағдыры Плюэдегі соңғы айналымда шешілетініне дайын болуымыз керек. Біздің бірнеше шабандоз жарыстың шешуші сәттерінде көшбасшы топта болып, тіпті жүлделі орындар үшін таласқа түседі деп ойлаймын", - деп қоса кетті Стив Бауэр.

Бретани Классикасы, 29 тамыз.

Команда құрамы: Самуэле Баттистелла (Италия), Мануэле Боаро (Италия), Стефан Де Бод (ЮАР), Фабио Феллине (Италия), Мерхави Кудус (Эритрея), Бенжамин Перри (Канада), Йонас Грегаард (Дания).

Спорт директор: Стив Бауэр (Канада).

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу