Astana – Premier Tech шабандоздары "Критериум дю Дофине" велододасына қатысады

1140

Astana - Premier Tech командасы "Критериум дю Дофине" көпкүндігінің жалпы есебінде және жеке кезеңдерде жеңіске жету үшін мықты шабандоздар құрамымен жарыс жолына шығады.

Astana – Premier Tech шабандоздары "Критериум дю Дофине" велододасына қатысады

Йон Исагирре спорттық мансабында алғаш рет осы франциялық велододада команда капитаны болады. Оның мақсаты - жарыстың жалпы классификациясында жоғары орындар үшін таласқа түсу. Маусымды жақсы бастағаннан кейін (Париж-Ниццада 3-орын, Баск елдерінің турындағы жеңіс) Исагирре "Критериум дю Дофинеде" тағы да тамаша нәтижеге қол жеткізуді көздейді.

"Мен спорттық мансабымда алғаш рет "Критериум дю Дофинеге" қатысайын деп жатырмын. Бірақ бұл үлкен рөл ойнайды деп ойламаймын. Мен жалпы есепте жоғары орынға таласқым келеді. Бірақ, әрине, бұл өте қиын болады. Өйткені бұл "Тур де Франсқа" дайындық жарыстарының бірі және мұнда өте мықты шабандоздар көп келеді. Бірақ, мен барымды салуға тырысамын. Сонымен қатар, біз жекелеген кезеңдерде жеңіске жету үшін күресеміз. Біздің командамыз мықты және Алекс Аранбуру да, Алексей Луценко да жетістікке жете алады. Тенерифедегі оқу-жаттығу жиынынан кейін біздің бабымыз жақсы деп ойлаймын. Сондықтан "Тур де Франс" басталмай тұрып, қазіргі деңгейімізді білу қызықты болады, - деді Йон Исагирре.

Команданың спорт менеджері Дмитрий Фофонов команда құрамы мен оның жарысқа дайындығына баға берді.

"Біз маусымның өте маңызды кезеңі - "Тур де Франсқа" да таяп қалдық және біздің команда үшін "Критериум дю Дофине" әрқашан маңызды әрі басты мақсаттарымыздың бірі  болып табылады. Йон Исагирреге жалпы есеп үшін күресте қолдауға көрсетеміз және оның жақсы нәтижеге қол жеткізетініне сенімдіміз. Сонымен қатар, бұл "Тур де Франсқа" керемет дайындық болады.

Биыл "Критериум дю Дофинеде" бізді қиын жарыс бағыты күтіп тұр. Жалпы есептің тағдыры таулы аймақта, жарыстың соңғы демалысында шешілетін болады. Жалпы, біздің команда белгілі бір кезеңдерде бәсекеге түсе алатын өте мықты ұжым. Мысалы, Алекс Аранбуру немесе Алексей Луценко. Таулы аймақта Тенерифеде өткен керемет оқу-жаттығу жиынынан кейін шабандоздардың жағдайы жақсы. Біз оларды осы аптада тексеріп көреміз", - деді Дмитрий Фофонов.

Критериум дю Дофине, 30 мамыр– 6 маусым.

Команда құрамы: Алекс Аранбуру (Испания), Дмитрий Груздев (Қазақстан), Йон Исагирре (Испания), Алексей Луценко (Қазақстан), Юрий Натаров (Қазақстан), Бенжамин Перри (Канада), Оскар Родригес (Испания).

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу