Эритрея чемпионаты 36 шақырымдық жекелей жарыспен басталды. Мерхави Кудус жазық тас жолда бабынының керемет екенін көрсетті. Нәтижесінде екінші орын иеленген ең жақын қарсыласы Мексеб Дебесэйден 34 секунд алға озды. Давит Йемане қола жүлдеге ие болды.
"Жеңіске жеткеніме және спорттық мансабымда алғаш рет Эритрея чемпионының жейдесін кигеніме қуаныштымын! Эритреяның намысын қорғайтындықтан, ерекше сезімдемін және бұдан былай Әлемдік турда чемпиондық жейдені танытамын! "Жекелей уақытқа арналған" жарыстың жолын ыңғайлы болды деп айта алмаймын. Өйткені жол өте тегіс болды. Бірақ мен жақсы ырғақты тауып, жарыс бойы сол жылдамдықпен жүріп отырдым. Біз әрқайсысы 18 шақырымнан тұратын, екі айналым жүріп өттік. Жарыс жолының ұзақтығы жалпы 36 шақырымды құрады. Өзімді жақсы сезіндім және екінші орын иеленген шабандоздан 34 секунд алға оздым. Мен биыл жейдені жеңіп алуға бел будым. Әрине, енді топтық жарыста жетістікке жеткім келеді.
Бізді тағы бір жазық аймақ күтіп тұр. Қағазда жарыс бағытының сызбасын көргенімде маған сәйкес келмейтіндей көрінді. Сонымен қатар, жарыс жолына әр түрлі командалардың шабандоздары көп шығады. Сондықтан жарысты бақылауда ұстау оңай болмайды. Бірақ, бабым жақсы және өзімді көрсетіп 2018-жылғы сияқты ел чемпионы болу үшін 100% барымды салуға тырысамын", - деді Мерхави Кудус.
Мерхави Кудустың жетістігі Ресейдегі Александр Власовтың, Испаниядағы Йон Исагирренің және Италиядағы Маттео Собрероның жеңістерінен кейін ұлттық чемпионаттағы жекелей жарыста иеленген төртінші титул болды.
Ермұхамед Мәулен