"Astana-Premier Tech" шабандозы жүлдеге ие болды

2394

Уго Уль француздық "Теңіз жағалауындағы Альпы және Вар департаменттерінің туры" көпкүндік жарысының екінші кезеңінде тамаша өнер көрсетті. Ол  күні бойы көшбасшы топ арасында болып, кезеңнің ең белсенді шабандозы ретінде жүлдеге ие болды.

"Astana-Premier Tech" шабандозы жүлдеге ие болды

Екінші кезеңнің басындағы көптеген шабуылдардан кейін жеті шабандоз көш бастады. Олардың арасында "Astana-Premier Tech" командасының канадалық шабандозы Уго Уль де бар болатын. Көшбасы топ бірге жұмыс атқарып, негізгі топтан төрт минуттай басымдылыққа ие болды. Пелотон қанша талпынғанымен, ұзақ уақыт бойы алға озған топты қуып жете алмады. Нәтижесінде Уго Уль мәреге 2,5 шақырым қалғанда негізгі топ қуып жеткен екі шабандоздың бірі болды.

Техникалық тұрғыдан қиын финалда, қысқа, бірақ тік орналасқан асудағы (орташа градиент 9,8%) жойқын шабуылдан кейін Майкл Вудс кезең жеңімпазы атанды. Astana-Premier Tech-тің екі шабандозы - Якоб Фульсанг пен Харольд Техада мәреге кезең жеңімпазынан 13 секундтан кейін келіп, 15 және 22-орындарды иеленді. Жалпы есепте Вудс көш бастады, ал Фульсанг пен Техада 11 және 16-орындарды иеленді.

"Мен жарыс күнін алдыңғы шепте жақсы өткіздім. Шабандоздардың үлкен тобы жиналды. Біз өте жақсы жұмыс істедік. Мәреге дейін бір айналым қалғанда біздің топта кішігірім іріктеу өтіп, бес адам ғана қалды. Біз басымдықты сақтап қалу үшін бар күшімізді салдық. Жарыс жолының ең қиын бөлігіне келгенде мен жылдамдығымды сәл арттырдым.  Соңында үшеуміз қалдық. Кезеңнің соңғы бөлігінде қарсы беттен жел соғып, жылдам жүріп отырдық. Бұл пелотонға оң әсерін тигізді. Бабыма көңілім толады. Өйткені кешегі кезеңнен кейін сәл көңіл-күйім түсті. Бірақ бүгін барлығы өте жақсы болды. Ең белсенді шабандоз ретінде сыйлық алу үшін жеңіс тұғырына көтеріліп, жарыс күні тамаша аяқталды", - деді Уго Уль.

"Жігіттер жарысты жақсы өткізді. Кезең басталған кейін Мануэле, Фабио және Уго көшбасшы топқа қосылуға тырысты. Бірақ соңында тек Уго Уль ғана мақсатына жетті. Ол жарысты тамаша өткізді. Қалған шабандоздар да пелотонда өте жақсы жұмыс жасады. Жағдайды өз бақылауларына алып, Якоб Фульсангқа қолдау көрсетті. Кезең оңайға соқпады. Әсіресе финалда. Бірақ біз бағымызды сынап көруге тырыстық. Бұл Якобтың осы маусымдағы алғашқы жарысы және ол әзірге тек бабын жақсарту үшін жұмыс істейді. Дегенмен, бәрі ойдағыдай өтіп жатыр. Біз басты мақсаттарымызға жету үшін дұрыс бағытта келеміз", - деді спорт директоры Стефано Занини.

Теңіз жағалауындағы Альпы және Вар департаменттерінің туры. 2-кезең. Файянс – Файянс, 169.9 шақырым.

Кезеңнің үздік үштігі: 1. Майкл Вудс (Israel Start-Up Nation); 2. Бауке Моллема (Trek-Segafredo); 3. Джонатан Нарваес (INEOS Grenadiers).

Astana – Premier Tech Кезеңнің үздік үштігі: 15. Якоб Фульсанг; 22. Харольд Техада; 53. Омар Фраиле.

Жалпы есептің үздік үштігі: 1. Майкл Вудс (Israel Start-Up Nation); 2. Бауке Моллема (Trek–Segafredo); 3. Давид Годю (Groupama-FDJ).

Astana – Premier Tech Жалпы есептің үздік үштігі: 11. Якоб Фульсанг; 16. Харольд Техада; 42. Омар Фраиле.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу