"Astana Pro Team" жалпы есепте көш бастады

1735

Қазақстандық Astana Pro Team велоклубы  виртуалды "Джиро д'Италия"  Гранд-Турының 3-кезеңінен кейін жалпы есепте көш бастады.

"Astana Pro Team" жалпы есепте көш бастады

Биылғы жылдың алғашқы Гранд-Туры Италияда мамыр айында өтуі тиіс болатын. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты күзге ауыстырылды.  Соған байланысты көпкүндіктің ұйымдастыру комитеті сәуір айының ортасында қазақстандық "Astana Pro Team" командасының қатысуымен "Джироның" виртуалды нұсқасын өткізуді ұсынды.

Кибер Гранд-Тур барысында шабандоздар нағыз "Джироның" кезеңдерінің жарыс бағыты бойынша ,велотренажерлерді пайдалану арқылы белгілі бір қашықтықты жүріп өтуі тиіс еді. 25-сәуір күні кибертурдың 3-кезеңі өтті. Оған "Astana Pro Team" велесебедшісі Евгений Гидич пен Давиде Мартинелли қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Vini Zabù KTM командасының шабандоздары Велько Стойнич пен Андреа Бартолоцци жеңіске жетті. Ал, 2-орынды Team Jumbo – Visma жеңіп алса, "Astana Pro Team" үздік үштік қатарына ілікті. Сонымен қатар Давиде Мартинелли бұл сайысқа екінші мәрте қатысып, екеуінде де жүлдегер атанды.

Естеріңізге сала кетсек, 18 сәуір күні өткен виртуалды "Джироның" алғашқы кезеңінде қазақстандық Алексей Луценко 44 минут 41 секунд уақыт көрсеткішімен 1-орынды жеңіп алған болатын. Ал, 22-сәуір күні 2-кезеңде қазақстандық шабандоздар Уго Уль мен Омар Фраиле бақ сынады. Кәсіби велошабандоздар нағыз "Джироның" 12-кезеңінің жарыс бағытымен, велостанокта 32,7 шықырымды жүріп өтті. Кезең қорытындысы бойынша "Аndroni giocattoli — Sidermec" командасының өкілі Маттео Спреафико 1-орынды жеңіп алса, Уго Уль 2-орын иеленді.

Осылайша, виртуалды "Джироның" 3-кезеңінен кейін командалық есепте "Astana Pro Team" көш бастады. Ал қазақстандық командадан 14 минут, 30 секунд уақыт айырмашылығымен Androni Giocattoli – Sidermec 2-сатыға жайғасса, көшбасшыдан 16 минут, 08 секунд уақыт артта қалған Италия құрамасы үздік үштіктің қатарына ілікті. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу