"Астана Про Тим" көшбасшыларының жарыс бағдарламалары белгілі болды

1403

Қазақстандық "Астана Про Тим" велоклубының басшылығы команданың көшбасшылары Мигель Анхель Лопес, Якоб Фульсанг және Алексей Луценколар қатысатын жарыс бағлдарламаларының жоспарын жасады. Сонымен қатар маусымның екінші бөлігіне арналған негізгі мақсаттар жайлы шабандоздармен бірге талқылады.

"Астана Про Тим" көшбасшыларының жарыс бағдарламалары белгілі болды

Осылайша, Мигель Анхель Лопес биылғы жылғы маусымның екінші жартысын "Окситания Туры" көпкүндігі мен "Мон-Ванту тау челленджі" біркүндігінен бастайтын болды. Ал, одан кейін Әлемдік Турдағы "Тур де Франсқа" қатыспас бұрын "Критериум дю Дофине" көпкүндігіне барады.

Якоб Фульсанг қайта жаңартылған UCI күнтізбесін атақты "Страде Бьянке" біркүндік жарысынан бастап, одан кейін "Польша Турына" аттанады. Сонымен қатар дат шабандозы маусымның екінші жартысында екі италиялық классикалық веложарыс - "Гран Пьемонте" және "Ломбардия Турына" қатысады. Ал "Джиро д’Италияға" аттанбас бұрын "Астана Про Тим" көшбасшысы тағы бір велодода - "Тиррено-Адриатико" көпкүндігіне қатысады.  

Қазақстан чемпионы Алексей Луценко маусымды Италияда өтетін "Страде Бьянке", "Гран Триттико Ломбардо", "Милан-Турин" және "Милан-Сан Ремо" жарыстарынан бастауды жоспарлап отыр. Италиялық классикалық жарыстар сериясынан кейін Алексей Мигель Анхель Лопеспен бірге "Критериум дю Дофинеде" бақ сынайды. Ал, кейінірек "Тур де Франс" алдында "Джиро делл’Эмилия" жарысында "Астана Про Тим" намысын қорғайтын болды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу