Astana Qazaqstan Team командалық есепте жеңіске жетті

1487

Аты аңызға айналған Этна тауының шыңында төртінші болып мәреге жеткен Винченцо Нибали "Джиро-ди Сицилия" көпкүндігінің жалпы есебінде төртінші орынға ие болды.

Astana Qazaqstan Team командалық есепте жеңіске жетті

Этна асуының соңғы шақырымдарында жалпы есептегі фавориттердің арасында нағыз шайқас болды. Винченцо Нибали үнемі алға озып, топтағы шабуылға да, қарсы шабуылға да шықты. Astana Qazaqstan Team капитаны жеңіс тұғырына біртабан жақын болды. Бірақ кезеңде де, жарыстың жалпы есебінде де төртінші орын иеленді

"Бұл мен үшін биік таудағы оқу-жаттығу жиынынан кейін және "Джиро д'Италия" жарысы алдында өте жақсы сынақ болды. Бүгін қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Қазіргі бабыма және көрсеткен нәтижеме көңілім толады. Дамиано Карузоны жеңісімен құттықтаймын. Мен тағы бір сицилиялық шабандоздың екінші жыл қатарынан жарыста жеңіске жеткеніне қуаныштымын!", – деді Винченцо Нибали.

"Біз жеңіс тұғырына жақын болдық. Небәрі екі секундтың жетпегені өкінішті. Дегенмен біз команданың бүгінгі нәтижесіне және осы аптада тамаша өнер көрсеткеніне ризамыз. Жігіттер керемет жұмыс жасады және Винченцо күннен-күнге алға жылжып, таулы аймақта өткізген оқу-жаттығу жиыныннан кейін жарыс ырғағына қайта оралуда. Біздің шабандоздар үздік ондық қатарына ілікті және "Джиро ди Сицилияда" командалық есепте жеңіске жетті. Біз міндетті түрде алға жылжуды жалғастырамыз", – деп қоса кетті команданың спорт директоры Джузеппе Мартинелли.

Жалпы жарыс нәтижесі бойынша үздік ондық қатарына Винченцо Нибалимен қатар тағы екі шабандоз енді. Андрей Зейц 9-шы және Антонио Нибали 10-шы болып мәреге келді. Командалық есепте Astana Qazaqstan Team жеңіске жетті.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу