Велододада Марк Кавендиш, Алексей Луценко, Евгений Федоров, Мануэле Боаро, Харольд Техада, Мартин Лаас, Леонардо Бассо сынға түседі. Ал Александр Шефер, Стефано Занини елордалық велокоманданың спорт директорлары қызметін атқарады.
Айта кетейік, Astana Qazaqstan Team командасының италиялық шабандозы Симоне Веласко 3-ақпан күні қазақстандық құрамаға жаңа маусымдағы алғашқы жеңісін сыйлады. Ол "Валенсия Вуэльтасы" көпкүндігінің үшінші кезеңінде жеңіске жетті.
Ал осыдан бірер күн бұрын "Астананың" тағы бір шабандозы Самуэле Баттистелла "Валенсия Вуэльтасының" соңғы кезеңінде жүлделі 3-орынға ие болған еді. Баттистелла жарыс жолын керемет жүріп өтіп, кезең басталған сәттен бастап екі шабандозбен бірге шабуыл жасады. Пелотон көшбасшы топты қуып жету үшін бірнеше мәрте шабуылға шықты. Дегенмен алдыңғы топ алға озып, жүлделі орындарды өзара бөлісті.
"Бұл қысқа кезең болды және біздің команданың жоспары ең қиын асудан өту болды. Бүгін жақсы жұмыс жасадым деп ойлаймын. Өкінішке орай, финалдық спринт сәл ретсіз болды. Бірақ мен өз нәтижесіме ризамын. Үшінші орын да жаман емес. Командамызға тағы бір жеңіс сыйлағаныма қуаныштымын", - деді Самуэле Баттистелла.
Осылайша "Астана" Әлемдік Тур аясында өткен көпкүндік жарыста ел намысын абыроймен қорғап, мықты велокоманда екенін тағы бір дәлелдеді.