Astana Qazaqstan Team жаңа маусымды "Валенсия Вуэльтасынан" бастайды

2194

Қазақстандық кәсіпқой велокоманда 2-6 ақпан аралығында өтетін "Валенсия Вуэльтасы" көпкүндігі, сонымен қатар ақпан айының ортасында өтетін "Мурсия Вуэльтасы" мен "Альмерия классикасы" бір күндік жарыстарына қатысатыны белгілі болды.

Astana Qazaqstan Team жаңа маусымды "Валенсия Вуэльтасынан" бастайды

"Валенсия Вуэльтасына" қазақстандық команда сапынан жеті шабандоз – Андрей Зейц, Антонио Нибали, Давид де ла Круз, Винченцо Нибали, Фабио Феллине, Александр Рябушенко мен Мануэле Боаролар қатысатын болды.

Сондай-ақ Мурсиядағы жарысқа Astana Qazaqstan Team атынан жеті спортшы бақ сынайды. Олар – қазақстандықтар Евгений Федоров, Евгений Гидич, Юрий Натаров, испаниялық Давид де ла Круз және италиялық шабандоздар Антонио Нибали, Валерио Конти, Давиде Мартинелли. Испанияның оңтүстігінде орналасқан қалада өтетін велодода 12 ақпан, сенбіде өтеді. Жарыс жергілікті уақыт бойынша 16:30-ға жоспарланған.

"Мурсия Вуэльтасы" аяқталысымен осы жарысқа қатысқан бес шабандоз, сонымен қатар "Астананың" тағы үш шабандозы 13-ақпан күні өтетін "Альмера Классикасына" қатысады. Шабандоздар құрамы келесідей: қазақстандықтардан Евгений Федоров, Юрий Натаров және Артем Захаров және бе италиялық шабандоз Валерио Конти, Мишель Газзоли, Антонио Нибали, Давиде Мартинелли и Джузеппе Мартинелли.

Айта кетейік, ертең әлемдік Турда 17-ші маусымды бастауға дайындалып жатқан команданың жаңа құрамына әлемнің жеті елінен (Қазақстан, Италия, Колумбия, Испания, АҚШ, Беларусь, Оңтүстік Африка) 29 шабандоз кірді. Команда 4-19 желтоқсанда Испанияда жаттығу жиындарын өткізіп, жаңа маусымға сақадай сай отыр. Оған қоса велоұжым құрамын жаңартып қана қоймай жарыс жолына жаңа Astana Qazaqstan Team атауымен шығады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу