Әлемдік тур аясында 101-ші мәрте ұйымдастырылған "Каталония Вуэльтасы" 21-27 наурыз аралығында өтеді. Бұл дода шабандоздарға "Джиро д'Италияға" дайындалуға мүмкіндік береді. "Каталония Вуэльтасына" Алехандро Вальверде, Ричард Карапас, Ричи Порт, Наиро Кинтана, Саймон Йейтс, Том Дюмулин, Хуан Альмейда, Вут Пулс, Эстебан Чавес, Майкл Вудс, Иван Соса сияқты тағы да басқа жұлдызды велошабандоздар қатысуда. Жарыс бағыты бойынша жекелей уақытқа арналған сайыстар ұйымдастырылмайды. Есесіне Пиренейде аяқталатын екі таулы кезеңде ойлы-қырлы жерлермен қызықты сайыстар өтетіні сөзсіз.
Бүгін Каталония Вуэльтасының бірінші кезеңі өтті. Бұл жыл сайын наурыз айында Каталония жолдары бойында өтетін көпкүндік веложарыс. Алғашқы кезеңде BikeExchange-Jayco командасынан аустралиялық Майкл Мэттьюс жеңіске жетті. "Bahrain-Victorious" командасының өкілі, италиялық Сонни Колбрелли екінші орынға жайғасса, Groupama-FDJ-командасынан француз Квентин Пачер жарысты үшінші болып аяқтады. Ал елордалық велокоманда сапынан Симоне Веласко үздік нәтиже көрсетті. Ол жарысты 25-болып аяқтады.
"Астана" командасының құрамы: Валерио Конти, Джо Домбровский, Себастьян Энцо, Вадим Пронский, Александр Рябушенко, Хавьер Ромо, Симоне Веласко.
Спорт директорлар: Дмитрий Фофонов, Бруно Ченьялта.
"Каталония Вуэльтасы".
Sant Feliu de Guíxols – Sant Feliu de Guíxols. 171.2 шақырым
1. Майкл Мэттьюс (Аустралия, "BikeExchange-Jayco") – 3:47:11
2. Сонни Кольбрелли (Италия, "Bahrain-Victorious")
3. Квентин Пачер (Франция, "Groupama-FDJ")
25. Симоне Веласко (Италия, "Астана")
32. Александр Рябушенко (Беларусь, "Астана")
64. Хавьер Ромо (Испания, "Астана") – +0:11
86. Вадим Пронский (Қазақстан, "Астана") – +1:26
99. Джо Домбровски (США, "Астана") – +3:19
111. Валерио Конти (Италия, "Астана") – +8:56
113. Себастьян Энао (Колумбия, "Астана").
Ермұхамед Мәулен